Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2019 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 268 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2019 жылға арналған шекті шамасы есепті айда қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 5 пайызынан асырылмай белгіленсін.

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады