Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 269 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Sky Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 40 %-ын ұстаушы "Верный Капитал" акционерлік қоғамына "Sky Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 40 %-ын Leria S.a r.l. жауапкершілігі шектеулі қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      2. "Sky Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 60 %-ын ұстаушы Рүстем Сәбитұлы Бектұровқа "Sky Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 30 %-ын Әлжан Берікұлы Имашевтың пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады