"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік (бұдан әрі – мүлік) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан республикалық меншіктен Түркістан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.
2. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
"Мынадай су объектілерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар):" деген 1-тармақта:
45) және 47) тармақшалар алып тасталсын;
"Мынадай су шаруашылығы құрылыстары:" деген 2-тармақта:
37), 55), 56) және 61) тармақшалар алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Түркістан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 278 қаулысына қосымша |
Республикалық меншіктен Түркістан облысының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
Р/с | Объектілердің атауы | Негізгі параметрлері |
1 | Бөген өзеніндегі Бөген су қоймасы | көлемі – 370 млн.м3 |
2 | Түркістан магистралды каналы | ұзындығы – 142 км |
3 | Қарашық өзеніндегі Қосқорған су қоймасы | көлемі – 37,3 млн.м3 |
4 | Арыс магистралды каналы | ұзындығы – 59,7 км |
5 | Қараспан магистралды каналы | ұзындығы – 24 км |