1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 320 қаулысы

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      2. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      3. 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 мамырдағы
№ 320 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтететін транзиттің тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы өтететін транзиттің тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері Келісімнің 10-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Кіріспенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақ құру туралы шарттың, 1995 жылғы 10 ақпандағы Достастық мемлекеттері Басшылары кеңесінің шешiмiмен қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамалары негiздерiнің, Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегi келiсiмнің және 1999 жылғы 2 сәуiрдегi Оған өзгерiстер мен толықтырулар туралы хаттаманың, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Кеден iстерiндегi ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiмнің және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып".

      2. 3-баптың бесінші абзацындағы "Аталған" деген сөз "Осы Келісімнің 4-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, аталған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 7-баптың "б" тармағындағы "хабарлауды" деген сөз "хабарлауды тапсырады." деген сөздермен ауыстырылып, "в" тармағы алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттар депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

      2019 жылғы "___"________________ ____________________ қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін

Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
 

Украина Үкіметі үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады