Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының "БҰҰ-Әйелдер" гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы "БҰҰ-Әйелдер" елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 339 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының "БҰҰ-Әйелдер" гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы "БҰҰ-Әйелдер" елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының "БҰҰ-Әйелдер" гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы "БҰҰ-Әйелдер" елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты ноталар алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 339 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының "БҰҰ-Әйелдер" гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы арасындағы "БҰҰ-Әйелдер" елдік офисінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесіне қатысты ноталар алмасу нысанындағы
КЕЛІСІМ

      Кімге: Жоғары мәртебелі,

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа

      Нұр-Сұлтан қ.

      2019 жылғы "____" _________

      Жоғары мәртебелі!

      Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының (бұдан әрі – "БҰҰ-Әйелдер") атынан Сізге мынадай мазмұндағы осы хатты жіберу құрметіне ие болып отырмын:

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының "БҰҰ-Әйелдер" құруға негіз болған 2010 жылғы 2 шілдедегі "Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі реттілік" A/RES/64/289 қарарын назарға ала отырып,

      "БҰҰ-Әйелдердің" Қазақстан Республикасындағы қызметі мен болуына қатысты қолданылатын нормативтік-құқықтық базаны қабылдаудағы өзара мүдделілікті негізге ала отырып,

      1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің 18-бабының БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, УЖКБ, ЮНЕП және БҰҰ-ның басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар арқылы тиісті жобаларды жүзеге асыруы шартымен, осы Келісімнің құрамдас бөлігіне айналатын қосымша келісімдер жасаса алатын 1-тармағын басшылыққа ала отырып,

      1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін "БҰҰ-Әйелдердің" Қазақстан Республикасындағы қызметі, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды мәртебе деп санаймын.

      Мен осы хат пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "БҰҰ-Әйелдер" арасындағы "БҰҰ-Әйелдердің" елдік бөлімшесінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі туралы келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе деп санаймын, ол осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының жазбаша хабарламасын "БҰҰ-Әйелдер" дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

      Жоғары мәртебелім, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.

      "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының

      Атқарушы директоры

      Фумзиле-Мламбо Нгкука

      Кімге: Жоғары мәртебелі

      "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының

      Атқарушы директоры

      Фумзиле Мламбо Нгкука ханымға

      Нью-Йорк қ.

      2019 жылғы "____" _________

      Жоғары мәртебелі!

      Мен Сіздің 2019 жылғы "___"___________ мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды құрмет санаймын.

      "Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының (бұдан әрі – "БҰҰ-Әйелдер") атынан Сізге мынадай мазмұндағы осы хатты жіберу құрметіне ие болып отырмын:

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының "БҰҰ-Әйелдер" құруға негіз болған 2010 жылғы 2 шілдедегі "Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі реттілік" A/RES/64/289 қарарын назарға ала отырып,

      "БҰҰ-Әйелдердің" Қазақстан Республикасындағы қызметі мен болуына қатысты қолданылатын нормативтік-құқықтық базаны қабылдаудағы өзара мүдделілікті негізге ала отырып,

      1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің 18-бабының БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, УЖКБ, ЮНЕП және БҰҰ-ның басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің олар арқылы тиісті жобаларды жүзеге асыруы шартымен, осы Келісімнің құрамдас бөлігіне айналатын қосымша келісімдер жасаса алатын 1-тармағын басшылыққа ала отырып,

      1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін "БҰҰ-Әйелдердің" Қазақстан Республикасындағы қызметі, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды мәртебе деп санаймын.

      Мен осы хат пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "БҰҰ-Әйелдер" арасындағы "БҰҰ-Әйелдердің" елдік бөлімшесінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі туралы келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе деп санаймын, ол осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының жазбаша хабарламасын "БҰҰ-Әйелдер" дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

      Жоғары мәртебелім, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.".

      Мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген ұсыныспен және осы хат пен Сіздің хатыңыздың осы Келісімнің күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының жазбаша хабарламасын "БҰҰ-Әйелдер" дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "БҰҰ-Әйелдер" арасындағы "БҰҰ-Әйелдердің" елдік бөлімшесінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық мәртебесі туралы келісімді құрайтынымен келісетінімізді растауды мәртебе деп санаймын.

      Жоғары мәртебелім, өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алыңыз.

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады