"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын басқарушы компания болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |