"1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 390 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, миграциялық және ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мемлекеттік архивінен шығатын архивтік анықтамалар мен архивтік құжаттардың көшірмелер бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі – азаматтар мен халықтың денсаулығын сақтау саласындағы құжаттар бойынша;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – дәрменсіздігі туралы банкроттық рәсімі қозғалған заңды тұлғалардың берешегін төлеуге байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салулары мен азаматтардың қолдаухаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін немесе осы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін растайтын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;";

      сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер, қылмыстық істер жөніндегі үкімдерді (шешімдерді) тану және орындау туралы қолдаухаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша) – ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша, сондай-ақ прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) – прокурор мен тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін қылмыстық істер және жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша процестік іс-қимылдарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылатын құжаттар бойынша;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты (келісу бойынша) – Қазақстан Республикасы соттарының, шетел мемлекеттері соттарының тапсырмалары, азаматтық және отбасылық істер бойынша соттардың шешімдерін тану және орындау туралы қолдаухаттар бойынша;";

      мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша) – өздерінің құзыретіне жатқызылатын, прокурордың және тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін құжаттар бойынша;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – еңбек өтілі туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзге де құжаттар бойынша;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – білім туралы құжаттар, сондай-ақ өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де құжаттар бойынша.".

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы жасаған жоғарыда көрсетілген конвенциялардың депозитарийлерін осы қаулымен енгізілетін өзгерістер туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады