Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 422 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қаржы мониторингi комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы:

      мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелер, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингі және оларды басқару;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-1) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды келісу;

      34-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "79) салық және бюджет саясатын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";

      158), 159) және 160) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "158) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағының периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, осындай аумақты жайластыруға қойылатын талаптарды бекіту;

      159) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын бекіту;

      160) мемлекеттік кірістер органдарының еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      162), 163) және 164) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "162) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын бекіту;

      163) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруіне жол берілген жағдайларды бекіту;

      164) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына берудің қағидалары мен шарттарын бекіту;";

      167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "167) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын бекіту;";

      195), 196), 197), 198) 199), 200) және 201) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "195) кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын бекіту;

      196) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін бекіту;

      197) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

      198) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын бекіту;

      199) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту;

      200) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына орналастыру және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды бекіту;

      201) кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 201-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "201-1) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге енгізу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын арнайы комиссияның жұмысына қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 228-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "228-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынған мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме өткізу қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 365), 366), 367), 368), 369), 370), 371), 372), 373), 374), 375), 376), 377), 378), 379), 380), 381) және 382) тармақшалармен толықтырылсын:

      "365) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін бекіту;

      366) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін бекіту;

      367) мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш құрауышты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын белгілеу;

      368) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органға қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды ашу және жабу туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу;

      369) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға, санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін белгілеу;

      370) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға ұсынылған қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын айқындау;

      371) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) жүзеге асырылатын аумақтарды (учаскелерді) және (немесе) өңірлерді, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін айқындау;

      372) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм нысанын және оны шығару мерзімдерін белгілеу;

      373) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындау;

      374) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту;

      375) кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын айқындау;

      376) камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету қағидалары мен нысанын бекіту;

      377) камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға жіберілетін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша талаптың нысанын бекіту;

      378) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын айқындау;

      379) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін бекіту;

      380) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын айқындау;

      381) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін келісу;

      382) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептейді және оны тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну.";

      ведомстволардың функцияларында:

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) мемлекеттік қарыздарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарынан басқа), мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгерлігімен берілген қарыздарды, қарыздарды хеджирлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;";

      86), 87), 88) және 89) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағының периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, осындай аумақты жайластыруға қойылатын талаптарды әзірлеу;

      87) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      88) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлеу;

      89) мемлекеттік кірістер органдарының еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      91), 92) және 93) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

      92) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруіне жол берілген жағдайларды әзірлеу;

      93) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына берудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу;";

      96), 97), 98), 99), 100), 101), 102) және 103) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу;

      97) кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын әзірлеу;

      98) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін әзірлеу;

      99) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      100) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және санаттарын әзірлеу;

      101) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      102) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына орналастыру және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларды әзірлеу;

      103) кедендік бақылау мақсаттары үшін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 103-1), 103-2) және 103-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "103-1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      103-2) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын істейтін арнайы комиссияның жұмысына қатысу;

      103-3) мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 154-1), 154-2), 154-3), 154-4), 154-5) және 154-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "154-1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;

      154-2) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      154-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға- және фотоға түсіру;

      154-4) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін әзірлеу;

      154-5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      154-6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      228) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "228) этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатын іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 263-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "263-1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм нысанын және оны шығару мерзімдерін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 284-1) және 284-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "284-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органға қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды ашу және жабу туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      284-2) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға ұсынылған қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 285-1), 285-2), 285-3), 285-4), 285-5), 285-6), 285-7) және 285-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "285-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға, санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу;

      285-2) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) жүзеге асырылатын аумақтарды (учаскелерді) және (немесе) өңірлерді, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

      285-3) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келісу бойынша фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлеу;

      285-4) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін әзірлеу;

      285-5) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін интернет-ресурсқа орналастыру;

      285-6) кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;

      285-7) камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету қағидалары мен нысанын әзірлеу;

      285-8) камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға жіберілетін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша талаптың нысанын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 350-1), 350-2), 350-3), 350-4), 350-5), 350-6), 350-7) және 350-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "350-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеу және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келісу;

      350-2) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен оларды қадағалауды жүзеге асыру;

      350-3) тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын әзірлеу;

      350-4) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізу;

      350-5) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау жүргізу;

      350-6) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;

      350-7) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;

      350-8) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептеу;";

      мынадай мазмұндағы 448-1), 448-2), 448-3), 448-4) және 448-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "448-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;

      448-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;

      448-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;

      448-4) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін әзірлеу;

      448-5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін әзірлеу;";

      467) тармақша алып тасталсын;

      17-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру;";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "205. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаментi.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлімде:

      225, 226, 227, 228, 229 және 230-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментi.

      226. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      227. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      228. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

      229. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы.

      230. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Байқоныр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі" деген 1-бөлімде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті.".

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың қырық алтыншы, қырық тоғызыншы, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші және бір жүзінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 422 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қаржы мониторингi комитетiнің қайта аталатын аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi бойынша:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бойынша:

      1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің "Астана - жаңа қала" Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің "Астана – жаңа қала" мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментiнің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бойынша:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бойынша:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қаржы мониторингi комитеті бойынша:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады