Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 452 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 42-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджеттердің 2019 жылға көзделген қаражаты есебінен сатып алу мәселесін қарау ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Казахстан Рсспубликасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады