Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Словак Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Словак Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Словак Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |