Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11,
52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат, № 22, 82-құжат; №23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36-құжат; № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;):
1) 90-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еңбек саласында қызметкердің бірдей еңбегі үшін бірдей ақы төлену, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалу құқығын бұзудан көрінген кемсітушілікке жұмыс берушінің жол беруі –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат, 48-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
130-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері";
140-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының еңбегін реттеу ерекшеліктері";
2) 1-баптың 1-тармағында:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында тұрғандар арасындағы келіспеушіліктер;";
мынадай мазмұндағы 33-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"33-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі – еңбекті қорғау жөніндегі саясатты іске асыру, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау, кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі өзара байланысты іс-шаралар кешені;";
"35-1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі – еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;";
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"44) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтар және олардың бiрлестiктерi, ал олар болмаған кезде, осы Кодексте көзделген жағдайларда, жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;";
мынадай мазмұндағы 50-1), 50-2) және 50-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"50-1) кәсіптік тәуекел – еңбек міндеттерін атқарған кезде жұмыскердің еңбек ету қабілетінен айырылу (не қайтыс болу) тәуекелі;
50-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару – кәсіптік тәуекелдерді идентификаттауды және бағалауды, түзететін шараларды, кәсіптік тәуекелді бақылау мен оның мониторингін қамтитын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің кіші жүйесі;
50-3) кәсіптік тәуекелді бағалау – кәсіпорында тәуекелдерді идентификаттау туралы ақпаратты талдау және ауру-сырқау мен жарақаттану, ұжымдық жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу туралы статистикалық деректер негізінде кәсіптік тәуекел дәрежесін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:
"66-1) өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар – жұмыскердiң жұмыс орнында, оның iшiнде санитариялық-гигиеналық үй-жайлармен, сондай-ақ демалыс және тамақтану жағдайын қамтамасыз етуді қамтитын жұмыстың вахталық әдісі кезінде болуы үшін қажеттi еңбек жағдайы;";
76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"76) тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің еңбек міндеттемелерін құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы;";
3) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жұмыс берушінің актілері жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында ресімделеді.";
4) 16-бапта:
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3), 41-4), 41-5), 41-6), 41-7) және 41-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-1) ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
41-2) кәсіптік тәуекелді басқару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
41-3) ұйымның еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
41-4) Қазақстан Республикасы Азаматтық қызметшілерінің қызметтік этикасы кодексін әзірлейді және бекітеді;
41-5) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты және еңбек қызметі туралы мәліметтерді беру және алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
41-6) алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарында қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізген кезде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
41-7) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде орналасқан жұмыскердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және олардың қорғалуы туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді;
41-8) жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен Қазақстан Республикасының дербес деректер және олардың қорғалуы туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып мәліметтер ұсынады;";
5) 17-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;";
5) тармақша алып тасталсын;
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыскерлердің мүдделерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.
Егер кәсіптік одақта (-тарда) жұмыскерлердің мүшелігі ұйымдағы жұмыскерлердің штат санының жартысынан азын құраса, жұмыскерлердің мүдделерін кәсіби одақтар мен сайланбалы өкілдер білдіре алады.
Ұйымда кәсіптік одақ болған кезде кәсіптік одақтың қатысуынсыз жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында ұжымдық келіссөздер жүргізуге жол берілмейді.";
7) 22-бапта:
1-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құруға құқықты, сондай-ақ оған мүшелікті қоса алғанда, өздерінің еңбек құқықтарының берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;";
15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"15) қандай да бір кемсітусіз, бірдей еңбегі үшін бірдей ақы төленуге, бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдай жасалуына;
16) жеке еңбек дауын қарау үшін, осы Кодексте көзделген тәртіппен, дәйектілікпен келісу комиссиясына, сотқа өтініш жасауға;";
24) тармақшадағы "етуге құқығы бар." деген сөздер "етуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.";
2-тармақ:
7) тармақшадағы "өтеуге міндетті." деген сөздер "өтеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу үшін еңбек қызметін растайтын құжаттарды жұмыс берушіге табыс етуге міндетті.";
8) 23-бапта:
1-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жеке еңбек дауын қарау үшін, осы Кодексте көзделген тәртіппен, дәйектілікпен келісу комиссиясына, сотқа өтініш жасауға;";
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен алуға құқығы бар.";
2-тармақ 25) тармақшадағы "жүзеге асыруға міндетті." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке еңбек дауларын қарау үшін келісу комиссиясын құруға;
27) жұмыскермен еңбек шартын жасау және тоқтату осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтитын, олар бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек шарты және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ұйымның штат саны туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен енгізуге міндетті.";
9) 30-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты екі реттен артық ұзартылмайды.";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакциядағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақшаның төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарының шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды.";
10) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі немесе басқа заңды өкiлдерi қол қоюға тиіс.";
11) 32-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк) қажет.
Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.";
12) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін.";
13) 35-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жұмыс беруші қол қойған және мөрімен расталған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) (болған кезде);";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні белгілеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі.";
14) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда не жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан жұмыскердің бас тартуын куәландыратын акт болған кезде, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.";
15) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"40-бап. Жұмыскерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу
1. Іссапарға жіберу – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді қоспағанда, жұмыскердің (іссапарға жіберілгеннің) еңбек шартына байланысты белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым (еңбек функциясы) бойынша не басқа заңды тұлғадағы (оның филиалдарын, өкілдіктерін және (немесе) оқшауланған құрылымдық бөлімшелерін қоса алғанда), сондай-ақ сол бір заңды тұлғаның филиалдарындағы, өкілдіктеріндегі және (немесе) оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріндегі басқа лауазым, мамандық, біліктілік бойынша жұмысты орындауы.
Белгілі бір міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында мына қабылдайтын тараптарға жұмыскерлерді:
1) жұмыс берушінің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын, сондай-ақ жұмыс беруші болып табылатын заңды тұлғаның (оның филиалының және (немесе) өкілдіктерінің) акциялары (қатысу үлестері) жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға;
2) акционер, қатысушы немесе құрылтайшы болып табылатын, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) жұмыс беруші заңды тұлғаға жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне);
3) акциялары (қатысу үлестері) заңды тұлғаның – жұмыс берушінің акцияларын (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде иеленетін адамдарға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаға (оның филиалдарына, өкілдіктеріне және (немесе) оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне) іссапарға жіберуге жол беріледі.
2. Іссапарға жіберу талаптары, тәртібі, мерзімі, іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі және саны іссапарға жіберу мақсаттарына қарай Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлғалар арасындағы келісіммен белгіленеді және айқындалады.
Егер заңды тұлға бір уақытта іссапарға жіберілсе, жұмыскерлер орташа тізімдік санының он пайызынан астамын қабылдаушы тараптың жұмыскерлерінің өкілдерімен іссапарға жіберуді келісуі қажет.
3. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге асыратын жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
4. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмысты орындау орны көрсетіле отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен ғана іссапарға жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі аяқталған соң, еңбек шартының қолданысы жалғасқан жағдайда, жұмыс беруші іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер болған жұмыс орнын (лауазымын) жұмыскерге ұсынуға міндеттенеді.
5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы мен оны беру тәртібін қоспағанда, оған қабылдаушы тараптың жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі қолданылады.
6. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда, қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін растайтын құжаттарды ұсына отырып, іссапарға жіберілген жұмыскердің жұмыс берушісін аталған факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
7. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға кезінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің қатысуымен қабылдаушы тарапқа жүктеледі.
8. Іссапарға жіберуге:
1) еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан қабылдаушы тараптың жұмыскерлерін ауыстыру;
2) жұмыс тоқтап тұрған (қабылдаушы тарап жұмыстарды уақытша тоқтата тұрған), қабылдаушы тарап банкроттық рәсімін жүзеге асырған, қабылдаушы тарап жұмыскерлерді жұмыстан шығару қаупі төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізген жағдайда жұмысты орындау мақсатында жол берілмейді.";
16) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
1. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге не кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актісінде жазылған жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.
2. Жұмыскер денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда не осындай негіздер бойынша уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартуын куәландыратын акт болған кезде, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.";
17) 45-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде және еңбекақы мөлшері мен жағдайларын сақтай отырып, басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап етілмейді.";
18) 46-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда не еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.";
19) 48-бапта:
2-тармақтың 5 және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жұмыскерді еңбек шартында келісілген жұмысты орындау үшін қажетті көлік құралдарын басқару құқығынан немесе басқа да рұқсаттардан айырылған жағдайда;
6) егер оның әрекеттері немесе әрекетсіздігі жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына ауыр салдар, өндірістік жарақаттар мен аварияларға, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыскерді жұмыстан шеттетуге міндетті.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда жұмыскердің жалақысы және еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақысы сақталады.";
20) 51-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнiне дейінгі жұмыс күні болып табылады.";
21) 52-баптың 1-тармағының 5), 18) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жұмыскер, басшы және өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеген;";
"18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің атқарушы органы басшысы, оның орынбасары не жұмыс беруші бөлімшесі (филиалдары, өкілдіктері және өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшелері) басшысы еңбек міндеттерін бұзған;";
"23) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерінің немесе заңды тұлғаның атқарушы органының жеке мүшесінің өкілеттіктері, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған;
22) 53-бапта:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Жұмыскер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
8. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.";
23) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Азаматтық қызметшімен еңбек шарты осы Кодекстің 139-бабының 8-тармағына сәйкес тиісті органдардың басшылары арасындағы келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге, қазыналық кәсіпорынға жұмысқа ауыстыруға байланысты тоқтатылады.";
24) 56-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оны жазбаша түрде хабардар етуге құқылы. Егер жазбаша хабардар етілген күннен бастап жеті жұмыс күні өткен соң жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы жалғасса, жұмыскер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.";
25) 57-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жұмыскер келісімшарт бойынша əскери қызметке, құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты үш жұмыс күнінен кешіктірмей көрсеткен күннен бастап тоқтатылуға жатады.";
26) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартуын куәландыратын акт болған кезде еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі.";
27) 65-баптың 4-тармағындағы "болған кезеңде шығарылмайды." деген сөздер "болған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды бұзуға жол берген тұлғалардың еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу кезеңінде шығарылмайды.";
28) 66-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда немесе вахтааралық демалыста болуына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды бұзуға жол берген тұлғалардың еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізуге байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады.";
29) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының), сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне қарауды жүзеге асыратын жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақыты режимін ұсынуға міндетті.";
30) 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.";
31) 82-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде жұмыскерлерге өндіріс пен еңбек технологиясына және оларды ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістердің ұзақтығы мен оларды берудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбеген болса, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.";
32) 92-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс.";
33) 95-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілік туралы анықтаманы жұмыс берушіге ұсынған жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.";
34) 96-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлеу жұмыскердің орташа жалақысы есебінен есептеледі.";
35) 97-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жақын туыстары, жұбайы (жұбайлары), сондай-ақ жекжаттары қайтыс болғанда;";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жұмыс беруші мерзімді əскери қызмет өткеру үшін шақырылған жұмыскердің хабарламасы негізінде оған мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.";
36) 99-бапта:
2-тармақтың бірінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалыс алуға құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парағын ұсыну арқылы ресімдейді.
Әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парағына өтініш жасаған кезде демалыс жиынтықтап есептеледі және босанғанға дейін өзі нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушіде жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
Әйел босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парағына өтініш жасаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген босанғаннан кейін ғана ұзақтықпен демалыс беріледі.";
37) 100-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті.";
38) 110-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Түнгі уақыт жұмысы мереке немесе демалыс күніне сәйкес келген кезде еңбекке ақы төлеу осы баптың бірінші бөліміне сәйкес түнгі сағаттары үшін және Кодекстің 109-бабына сәйкес мереке немесе демалыс сағаттары үшін бөлек жүргізіледі.";
39) 111-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4.Жұмыскердің басқа тарапты жұмыс тоқтағанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар ете отырып, қосымша жұмысты орындаудан бас тартуына, ал жұмыс берушінің оны орындау туралы тапсырмасының күшін жоюына құқығы бар.
Тапсырманы уақытынан бұрын күшін жоюы немесе жұмыскердің жұмысты атқаруынан бас тартуы кезінде жұмыс беруші жұмыскерге жұмыс істелген кезең үшін жалақы төлеуге міндетті.";
40) 113-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.";
"3. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.";
4-тармағы мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Белгіленген мерзімдерді бұзған жағдайда жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.";
41) 123-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер нұқсан еңсерілмейтін күштің және міндеттемелерді тиісінше орындау мүмкін емес болған және мұндай жағдайлардың алдын ала алмауында, не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, жұмыскердің жұмыс берушіге келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы жойылады.";
42) 124-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мерзімді əскери қызметке шақырылуы тиіс жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңінде – еңбек шартының қолдану мерзімі шегінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Мерзімді əскери қызметтен өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен босатуға байланысты әскери бөлім тізімдерінен шығарылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей, өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.";
43) 130-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері";
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.
2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге теміржол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, газ тарату жүйелері (оның ішінде елді мекендер шегінде сапарлар кезінде), магистральдық құбыржолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар, электр берудің әуе желілері және олардағы құрылыстар, байланыс объектілері жұмыскерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер жатады.";
44) 133-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақтары негіз болып табылады.";
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық және оларға ұқсас заттарды пайдалануы салдарынан туындаған аурулардан немесе өндірістік жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде;";
5-тармақтағы "төленбейді" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жалақысы сақталмайтын демалысқа келетін еңбекке уақытша қабілетсіз болған күндері үшін төленбейді.";
45) 134-бапта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскер, бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде хабардар ете отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
6. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерді еңбек шартының осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.";
46) 135-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс беруші жұмыскердің жұмыс өндірісі объектісінде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) болу жағдайларын қамтамасыз етеді. Жұмыскер еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес өндірісі объектісінде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) болу жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жұмыстың вахталық әдісі кезінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді.";
47) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үй жұмыскерімен еңбек шартының тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша хабарлаудың мерзімдері, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшері еңбек шартында белгіленеді.";
48) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерінің, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының еңбегін реттеу ерекшеліктері
1. Атқарушы органның басшысымен, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерімен және корпоративтік хатшымен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оның еңбегіне ақы төлеу тәртібі мен шарттары, оны материалдық және тәртіптік жауаптылыққа тарту, жұмыстан шеттету осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адам (орган) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органы бекітетін құжаттарға, атқарушы органы туралы, ішкі аудит қызметі, заңды тұлғаның корпоративтік хатшысы жайлы ережелерге және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер жалғыз құрылтайшы (қатысушы, акционер) заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы болып табылған жағдайда, еңбек шарты жасалмайды. Еңбек қатынастары жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісімен ресімделеді, онда еңбек функциясы, еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыстың орындалатын орны, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
3. Атқарушы органның басшысын, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерін және корпоративтік хатшыны жаңа мерзімге тағайындаған (сайлаған, лауазымға бекіткен) жағдайда, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
4. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы актісіне құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен не олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды.
5. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысына және басқа да мүшелеріне, ішкі аудит қызметі жұмыскерлеріне және заңды тұлғаның корпоративтік хатшысына тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей қолданылады.
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысына, ішкі аудит қызметі жұмыскерлеріне және корпоративтік хатшыға тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының ерекшеліктері ескеріле отырып, құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен бекітілген жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
6. Осы Кодексте көзделген заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегін реттеу ерекшеліктері заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органына, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.";
49) 148-баптың3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мыналар:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, республикалық кәсіптік одақтар бiрлестiктерінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің өкілетті өкілдері;
2) салалық деңгейде – тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілетті өкілдері, салалық кәсіптік одақтардың, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің өкілдері, ал олар болмаған кезде – салалық ұйымдар;
3) өңірлік деңгейде – жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері, жұмыс берушілердің облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бірлестігінің, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бірлестіктің өкілдері;
4) қалалық, аудандық деңгейлерде – жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері тараптардың өкілдері болып табылады.
Комиссия мүшелерінің дербес құрамын әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы өз бетінше қалыптастырады. Әлеуметтік әріптестік тараптарының барлық қатысушыларына тең құқықтар мен өкілеттіктер беріледі.";
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
50) 150-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Келіссөздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу және жасасу мерзімдерін, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді комиссиялар бекітеді.";
51) 153-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы;";
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау туралы;";
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"разрядаралық коэффициенттердің ең төменгі мәндерін;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы;";
6), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңестің қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс.";
52) 156-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұжымдық келіссөздерді бастау және ұжымдық шартты жасасу туралы ұсынысты тараптардың кез келгені жасауы мүмкін.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он жұмыс күні ішінде мерзімде қарауға және осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
3. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарт жасалады.";
53) 159-бапта:
1, 5, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Микрокәсіпкерлік субъектілерін, үй жұмыскерлерін, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымдарды, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын, заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерін қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.
Осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке еңбек дауларын қарау үшін келісу комиссиясын құру туралы талап жұмыскерлерінің еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттелетін мемлекеттік органдарға қолданылмайды.";
"5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.";
"7. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған, мәселелер реттелмеген жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.
8. Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа жету бойынша жыл сайын оқытудан өтуге міндетті.";
54) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"161-бап. Жұмыскерді жұмысына қайта алу
1. Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге амалсыз бос жүрген бүкіл уақыты үшін жалақысы немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
2. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.";
55) 166-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы қосылады.";
56) 181-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта жалақысының сақталуына құқығы бар;";
57) 182-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап-тексеруге өз қаражаты есебінен жіберуге құқығы бар;";
2-тармақта:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) профилактика жүргізу, өндірістік жабдық пен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру арқылы кәсіптік тәуекелдерді бағалауды жүргізуге және оларды азайту және болдырмау жөніндегі шараларды қабылдауға;";
"3) кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылда бір рет мерзімділікпен басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардыжұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерi туралы мәліметтерді бiр ай мерзiмде әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне ұсынуға;";
17) тармақшадағы "есебінен өткізуге" деген сөздерден кейінгі "міндетті" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге және оның жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыруға міндетті;";
58) 184-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым (екі және одан да көп) жұмыс жүргізген кезде олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бас мердігерлік ұйым жүзеге асырады.";
59) 186-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жұмыскерлер денсаулығының еңбек міндеттерін орындауға байланысты еңбекке қабілетсіздікке не қайтыс болуға әкеп соққан зақымдануы, егер олар:";
60) 187-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға шарт жасалған сақтандыру ұйымын жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi бола салысымен дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етеді.";
61) 190-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес және комиссия мүшелерінің көпшілігінің пікірлері ескеріле отырып ресімделуге тиіс.
Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп болғандығын анықтаса, онда комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды.
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің біреуі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол тергеп-тексеру аяқталған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің уәжді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген ескертпемен қол қояды.
3. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адамның немесе оның сенім білдірілген адамының, жұмыскерлер өкілінің жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқығы бар, ол олардың өтінішін он жұмыс күн мерзімде қарауға және мәні бойынша шешім қабылдауға міндетті.
4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді:
1) жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келіспеушілік жағдайында мемлекеттік еңбек инспекторы қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады;
2) жұмыс берушінің, жұмыскердің және төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті өндірістік объектілерде болған оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасындағы келіспеушілік жағдайында тиісті жоғары тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Мемлекеттік еңбек инспекторының еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері жөніндегі шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.";
5-тармақта:
6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелері және басқалар (олар болған кезде);";
"8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер (олар болған кезде);
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (оның отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды (ол болған кезде) өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды (олар болған кезде) жауаптылыққа тарту туралы бұйрығы;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақта көрсетілген материалдар болмаған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісінде себептері көрсетілген тиісті ақпарат көрсетіледі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға береді. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан соң мемлекеттік еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін жергілікті ішкі істер органына жеті жұмыс күн мерзімде жібереді, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.";
62) 193-бапта:
1), 6) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді жүргізу мақсатында жұмыс берушілерге кедергісіз баруға;";
"6) жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде, оларды бес жұмыс күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға).
Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын тоқтата тұру (тыйым салу) жолымен жою мүмкін емес, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы сотқа талап-арызды көрсетілген мерзімде міндетті түрде бере отырып, бес жұмыс күннен аспайтын мерзімге ұйымдардың қызметін тоқтата тұруға (тыйым салуға) құқылы.
Осы бапта жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер деп жұмыскерлердің өндірістік жарақат алу мүмкіндігін не өлім тәуекелін түсіну керек;";
"11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап арыздарды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберуге;";
63) 195-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары қызметі мен жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы нұсқама.";
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (тоқтата тұру) туралы акт осы Кодекстің 193-бабының 6) тармақшасына сәйкес берілген қызметті тыйым салу (тоқтата тұру) туралы талап арыз бойынша азаматтық іс сотпен қозғалғанға дейін қолданылады.";
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) тексеру нәтижелері туралы актісі.";
64) 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Декларациялау өлшемшарттарын (көрсеткіштерін) салыстыру арқылы жүзеге асырылады, ол бойынша жұмыс беруші өзінің қызметін еңбек заңнамасы талаптарының сәйкестігіне өз бетінше бағалау жүргізеді.
Жұмыс беруші декларациялау бойынша мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты тапсырылады, ол Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру кезінде ескеріледі.";
65) 201-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін байқауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, кәсіптік тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға келмейтін анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.";
66) 203-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. Оның құрамына техникалық еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларын қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді.";
"4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады.".
3. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат, 2018 ж., № 15, 47-құжат):
27-бапта 7-тармақ алып тасталсын.
4. "Кәсiптiк одақтар туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 52-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 55-құжат, 2017 ж., № 15, 55-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жұмыс берушілердің өкілдері кез келген деңгейдегі кәсіподақ органының сайлау органының мүшесі бола алмайды.";
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Кәсiподақтардың халықаралық байланыстары
Кәсiподақтар жарғылық мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін халықаралық кәсiподақтар бірлестігіне кіруге, сондай-ақ ынтымақтастық туралы шарттар, келiсiмдер жасасуға құқылы.
Кəсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықаралық ұйымдармен бірлесіп қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және жобаларды жүзеге асыруға құқылы.";
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық және жергілікті кәсіподақтар тiркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін өздерін тіркеген органға осы Заңның 11-бабының 3-тармағында, 12-бабының
3-тармағында, 13-бабының 2 және 3-тармақтарында және 14-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.";
4) 11-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрады.
3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамын қамтитын аумағында мүшелік ұйымдары болуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды ол белгілеген тәртіппен хабардар етуге тиіс.";
5) 12-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кемінде екі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мүшелік ұйымы болуға тиіс.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің тиісті аумақта кемінде екі мүшелік ұйымы болуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарында мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.
3-2. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссияның жұмысына қатысу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органын хабардар етуге тиіс.";
6) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салалық кәсіподақтың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамын қамтитын аумағында бастауыш кәсіподақ ұйымдары, жергілікті кәсіподақтар мүшелік ұйымдары болуға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана аумағының жартысынан астамын қамтитын құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болған кезде салалық кәсіподақ құруға құқылы.";
мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысына қатысу үшін салалық кәсіподақ еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органын хабардар етуге тиіс.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салалық кәсіподақ республикалық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарында мүшелік ұйым ретінде республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына кіруге құқығы бар.";
7) 14-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жергілікті кәсіподақ ұйым (ұйымдар) деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
Жергілікті кәсіподақ ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық келісімшарт жасасу үшін еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақтық кәсіподақтар бірлестігін хабардар етуге тиіс.
4. Жергілікті кәсіподақтың салалық кәсіподақтың және (немесе) аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жарғысын сақтау шарттарында олардың құрамына мүшелік ұйым ретінде кіруге құқығы бар.";
8) 33-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |