Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) консулдығын қайта ұйымдастыру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) Бас консулдығы ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) консулдығы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |