Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 558 қаулысы.

      "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификат беру қағидалары бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестік сертификатын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қазандағы № 1561 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады