Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратнфикациялау туралы
2019 жылғы 3 сәуірде Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерадиясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |