Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Волонтер жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Волонтер жылын жариялау туралы
Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |