Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 624 қаулысы

Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 5,4 гектар жер учаскесі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Астана EXPO-2017" жел электр станциясын салу шеңберінде ӘЖ-220 кВ әуемен электр беру желісін салу үшін "ЦАТЭК Green Energy" (ЦАТЭК Грин Энерджи) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 22 тамыздағы
№ 624 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

орман
көмкерген

орман көмкермеген
оның ішінде:

шабындықтар

жайсыз жерлер
(батпақтар және басқалар)

1

2

3

4

5

Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл Аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
 
 
 
 
мемлекеттік кәсіпорнының мекемесы
                       
 
 

5,4

-

4,7

0,7

Барлығы:

5,4

-

4,7

0,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады