"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 628 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1060 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарлама және Тетік бойынша жергілікті және (немесе) республикалық бюджет қаражаты есебінен:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді);

      кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзара жасалатын субсидиялау үшін қаражат аудару шарты (бұдан әрі – қаражат аудару шарты) негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.";

      105-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105-1. Бағдарлама/Тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:

      Бағдарлама бойынша − облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі, өңдеу өнеркәсібіндегі өңдеу және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде көрсетілетін қызметтер ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру құралына бағытталуы мүмкін. Қаржы агенттігі өңірлердің қажеттілігіне қарай алынған қаражатты бөлуді дербес жүзеге асырады. Кепілдік беру құралына арналған Шарт бойынша бөлінген және қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға қайтарылады.

      Тетік шеңберінде кепілдік жағдайы (кепілдік бойынша төлем) туындаған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жылына кемінде екі рет қаржы агенттігі мен уәкілетті орган арасында жасалған Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін қаражат аударуға арналған келісімнің негізінде қаржы агенттігіне республикалық бюджеттен жобалар бойынша қаржы агенттігі орындаған талаптың 100 %-ы мөлшерінде төлем жүргізеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады