"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыру үшін жауапты органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 667 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыру үшін жауапты органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыру үшін жауапты болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады