"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 677 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ережеде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналарды:

      әкімшілік полиция, көші-қон қызметі комитеттерінің төрағаларын және олардың орынбасарларын;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппараты департаменттерінің бастықтарын және олардың орынбасарларын;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарын, сондай-ақ олардың орынбасарларын;

      Алматы, Қарағанды, Қостанай академияларының, Ақтөбе заң институтының бастықтарын және олардың орынбасарларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу;".

      Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 879 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Жүктілігі және бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде қызметкерлер қатарындағы әйелдерді қоспағанда, осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында аталған полиция қызметкерлері аттестаттауға жатады.

2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      3. Кезектен тыс аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарттары:

      1) қызметкерлердің өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау қабілеттілігі және олардың жұмыс нәтижелері;

      2) білім мен практикалық дағдылардың деңгейі болып табылады.

      4. Аттестаттау үш кезеңді қамтиды:

      1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) өткізетін қызметкерлермен әңгімелесу;

      3) Комиссияның шешім шығаруы.

      5. Кадр бөлімшесі кезектен тыс аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметкерлерді жазбаша хабардар етеді.

      6. Аттестаттауға жататын қызметкердің басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның қызметтік мінездемесін ресімдейді, оны таныстырады және аттестаттау өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей оны тиісті кадр бөлімшесіне жолдайды.

3. Аттестаттауды өткізу

      7. Комиссия отырысында аттестатталатын қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі. Әңгімелесу белгіленген тәртіппен стенографиялануға жатады.

      Комиссияның отырысында дәлелді себептер бойынша болмаған қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін кезектен тыс аттестаттаудан өтеді.

      Қызметкер Комиссияның отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 8-тармағының 5) тармақшасында көзделген шешім қабылдайды.

      8. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Комиссия мынадай шсшімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға өсіруге ұсынылады*;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;

      4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;

      5) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және ішкі істер органдарынан жұмыстан шығаруға ұсынылады.

      9. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің отырыста дауыс беру парақтарын толтыруы жолымен дауыс беру арқылы қабылданады.

      Комиссия шешімі үш жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      10. Кадр бөлімшесі Комиссияның шешімін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сойкес нысан бойынша қызметкердің аттестаттау парағына енгізеді.

      Қызметкер Комиссияның шешімімен ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қойып танысады.

      11. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) ішкі істер органдарында өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан қызметкер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылуға жатады.

4. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      12. Комиссияның шешіміне Заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Ескертпе:* - Комиссияның отырысында осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша шешім қабылданған қызметкерлер Президенттік резервке есепке алуға ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының полиция
қызметкерлерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу
қағидаларына
1-қосымша

Кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жататын қызметкердің қызметтік мінездемесінің үлгілік нысаны
(қызметкердің тікелей басшысы толтырады)

      Қызметкердің Т.А.Ә.___________________________________________________

      Лауазымы____________________________________________________________

      Тағайындалған күні____________________________________________________

      Атағы________________________________________________________________     

      1. Лауазымдық міндеттерін орындауы (қызметкер шешуге қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі келтіріледі; қызметтік міндеттерін орындаудың тиімділігі мен адалдығы, шығармашылық бастамашылығы, азаматтармен жұмысы және т.б. бағаланады).

      2. Мемлекеттік органның қызметі саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіптік білімін қолдануы, сондай-ақ егер лауазымдық міндеттеріне кірсе, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды қолдануы (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіптік білімінің, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды білуінің деңгейі, оларды жұмыста қолдануы және т.б. сипатталады).

      3. Заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызметшілердің әдебі туралы заңнаманы, сондай-ақ еңбек тәртібін, ішкі қызметтік тәртіптемені сақтауы (тәртіптік жазалары, заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы мәліметтер және т.б. көрсетіледі).

      4. Жеке қасиеттері (қызметкердің жеке қасиеттері: адамдармен тіл табысуы, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті, психологиялық орнықтылығы, өзін-өзі жетілдіруге қабілеті және т.б. сипатталады).

      5. Қызметкер жұмысының қорытынды бағасы (тікелей басшының қызметкер туралы пікірі көрсетіледі: атқаратын лауазымына сәйкес келеді не сәйкес келмейді, жоғары тұрған немесе төмен тұрған лауазымға ұсынылуы мүмкін).

      6. Аттестатталатын адам басқаратын бөлініс не ол жетекшілік ететін бөлімше жұмысының нәтижелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы мәліметтер.

      7. Өзге де мәліметтер.

      Басшының Т.А.Ә. ___________________________________________

      Лауазымы ______________ Атағы______________

      Күні 20___ жылғы "_" ___________

      МО

      Таныстым ___________________       Күні ______________________

      (қызметкердің Т.А.Ә., қолы)

  Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының полиция
қызметкерлерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу
қағидаларына
2-қосымша

Кезектен тыс аттестаттауға жататын полиция қызметкерін аттестаттау парағының үлгілік нысаны

      1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________

      2. Туған жылы, айы-күні________      "__"___________________

      3. Білімі __________________________________________________

      4. Мамандығы_____________________________________________

      5. Кезектен тыс аттестаттау кезіндегі сәтіндегі атқаратын лауазымы_____

      6. Атағы__________________________________________________

      7. Кезектен тыс аттестаттау комиссиясының шешімі_____________

      8. Өзге де мәліметтер________________________________________

      Кезектен тыс аттестаттау комиссиясының төрағасы______________

      (қолы)

      Кезектен тыс аттестаттау комиссиясының хатшысы ______________

      (қолы)

      Кезектен тыс аттестаттауды өткізу күні 20___ жылғы "      __"_________

      Аттестаттау парағымен таныстым      ______________________________

      (қызметкердің қолы және күні)

      МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады