Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 641 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 679 қаулысымен
бекітілген

Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      2) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері – кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында құратын қауымдастықтар (одақтар);

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;

      4) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан шыққан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;

      5) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      6) сауда шарасы – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;

      7) тергеп-тексеру – Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеру жүргізетін үшінші тараптың құзыретті органы жүзеге асыратын рәсім;

      8) тергеп-тексеру материалдары – тергеп-тексеру шеңберінде қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар, өндірушінің немесе өндірушілердің өтініші, үшінші тараптың құзыретті органының сауалнамасы (сұрау салулары), тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған баяндама және тергеп-тексерулер шеңберінде сұратылатын және (немесе) ұсынылатын басқа да ақпарат;

      9) уәкілетті орган – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) үшінші тараптың құзыретті органы – Қазақстан Республикасынан шыққан тауарларға қатысты сауда шаралары мен қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізу алдында тергеп-тексеруді жүргізетін шет мемлекеттің, шет мемлекеттер одағының мемлекеттік органы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

2-тарау. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

      3. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) мемлекеттік органдарды үшінші тараптың құзыретті органдарының Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты тергеп-тексеруді жүргізуді бастағаны туралы хабардар етеді;

      2) үшінші тараптың құзыретті органынан тергеп-тексеру материалдарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік органдарға жібереді;

      3) мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынған ақпаратын ескере отырып, сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды енгізудің Қазақстан Республикасы экономикасының (отандық өндіріс) жай-күйіне ықтимал әсеріне талдау жүргізеді;

      4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан тарапының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын (түсініктемелерін, дәлелдерін) және үшінші тараптың құзыретті органдарының сауалнамасына жауаптарды қалыптастырады;

      5) Қазақстан Республикасының түпкілікті ұстанымын тұжырымдау үшін уәкілетті орган қалыптастырған шоғырландырылған ұстаным бойынша мемлекеттік органдардың қағидаттық келіспеушіліктері болған жағдайда тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына шығарады;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен үшінші тараптың құзыретті органына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ресми, оның ішінде құпия сипаттағы ұсыныстар, аргументтер, ұстанымдар мен (немесе) сұрау салулар жібереді;

      7) тергеп-тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар мен кеңестер өткізеді;

      8) үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тексеру сапарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады;

      9) үшінші тараптың құзыретті органымен жүргізілетін тергеп-тексеру шеңберінде консультацияларға, кездесулерге, келіссөздерге және жария тыңдауларға қатысады;

      10) жүргізілетін тергеп-тексеру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, шет мемлекеттердің өкілдерімен, шет мемлекеттер одақтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

      4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде:

      1) тергеп-тексеру жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттік орган басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі жауапты лауазымды тұлғаны айқындайды;

      2) уәкілетті органнан келіп түскен тергеп-тексеру материалдарын қарайды, егер сұрау салуда өзге мерзім көрсетілмесе, оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сұратылып отырған ақпаратты, қалыптастырылған ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, статистикалық деректерді және үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеру бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының (отандық өндірістің) экономика саласының жай-күйіне сауда шарасын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараны енгізудің ықтимал әсеріне талдау жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;

      3) қажет болған жағдайда уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексерулерге, тергеп-тексеру мәселелері бойынша тыңдауларға, консультацияларға, кеңестерге, тексеру сапарларына қатысады;

      4) өз құзыреті аясында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша үшінші тараптың құзыретті органы жүргізетін тергеп-тексеруге жататын мәселелер бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

      5. Егер осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген сұрау салынған ақпарат таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жататын болса, мұндай ақпаратты мемлекеттік органдар уәкілетті органға басшының ақпаратты үшінші тараптың құзыретті органына толық немесе ішінара беруге келісімін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.

      5-1. Уәкілетті орган қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолданар алдында тергеп-тексеру шеңберінде мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, кәсіпкерлік субъектілерінен және олардың бірлестіктерінен қосымша ақпарат сұратады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2021 № 488 қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері:

      1) үшінші тараптың құзыретті органдарынан алынған тергеп-тексеру материалдарын, жұмыс тәртібімен – алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, ресми тәртіппен – 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және уәкілетті органға уақтылы жіберуді;

      2) материалдарды уәкілетті органнан үшінші тараптың құзыретті органына уәкілетті орган көрсеткен мерзімде уақтылы беруді қамтамасыз етеді.

      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:

      1) үшінші тараптың құзыретті органынан дипломатиялық арналар арқылы алынған тергеп-тексеру материалдарын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберуді;

      2) уәкілетті орган көрсеткен мерзімде уәкілетті органның тиісті ресми ұстанымын үшінші тараптың құзыретті органының атына дипломатиялық арналар арқылы жіберуді қамтамасыз етеді.

      8. Уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тергеп-тексеру мәселелерін көрсетілген ұйымдарға сұрау салынған ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты (оны үшінші тараптың құзыретті органына беруге келісім бере отырып) қарау және ұсыну үшін уәкілетті орган көрсеткен мерзімде жібереді.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тергеп-тексеру мәселелері бойынша уәкілетті органның өзара іс-қимылы уәкілетті орган мен мүдделі ұйымдардың ресми хат алмасуы арқылы жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші тараптың құзыретті органынан тергеп-тексеру материалдары келіп түскен жағдайда көрсетілген материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға және жүргізетін салаларына сәйкес мемлекеттік органдарға жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру материалдарын алған кезде өз құзыреті шегінде Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Уәкілетті органның үшінші тараптың құзыретті органымен өзара іс-қимыл тәртібі

      10. Уәкілетті орган тергеп-тексеру материалдары бойынша түпкілікті ұстанымды, сауалнамаға жауаптарды, сондай-ақ үшінші тараптың құзыретті органы сұрау салған басқа да ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты қалыптастырады және үшінші тараптың құзыретті органының сұрау салуы тілінде үшінші тараптың құзыретті органына мынадай:

      1) үшінші тараптың заңнамасында айқындалған талап болған жағдайда, тиісті ақпараттық жүйеге жүктеу жолымен;

      2) үшінші тарап заңнамасының ақпараттық жүйені пайдалану туралы белгілі бір талаптары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық арналар бойынша береді;

      11. Уәкілетті органның үшінші тараптың құзыретті органы сұрау салған ақпаратты беруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға немесе өзге де қорғалатын құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтымаған жағдайда беріледі.

      12. Егер үшінші тараптың құзыретті органы сұрау салған мемлекеттік органдардан алынған ақпарат таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жататын болса, мұндай ақпаратты уәкілетті орган үшінші тараптың құзыретті органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Құпия" деген белгімен береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады