Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 715 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 5 қосымша):

      мәтін бойынша тиісті жекеше, көпше түрдегі және септеудегі "төлеуші" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтың үшінші-алтыншы абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Аванстық төлемдер, кедендік әкету баждары, салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленген және уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қоспағанда) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін;

      Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу бажы ретінде келіп түскен, бірақ нақты тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомалары бойынша сәйкестендірілмеген ақшалай қаражат (ақша) сомалары осы Хаттама мақсаттары үшін кедендік әкелу баждары ретінде қарастырылады.

      Егер кедендік рəсіммен орналастырылған тауарларға қатысты аванстық төлемдерді кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне есепке жатқызу аванстық төлемдерді енгізген адамның тапсырмасы негізінде жүзеге асырылса, мұндай төлемдерді уəкілетті органның бірыңғай шотына есепке жатқызу мүше мемлекеттің кеден органы тауарларды шығарған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер тауарларды шығару тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген жағдайда, мүше мемлекеттің кеден органы электрондық құжатты әзірлеп, оны декларантқа жібереді, не қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияда және (немесе) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәліметтерді қамтитын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға шығару туралы тиісті белгі қойылған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік әкелу баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сəйкес жүргізіледі.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 8-қосымшаға қосымша) сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша берешекті өтеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есепке жатқызылуы мүмкін.

      Кедендік әкелу баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Хаттама ережелері ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомалары кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша берешекті өтеу есебіне жатқызудан (бұдан әрі – берешекті төлеу есебіне жатқызу) басқа өзге төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды.";

      40-тармақта:

      2) тармақшадағы "төлеу шотына" деген сөздер "төлеу есебіне аванстық төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) есептi күні кедендiк әкелу баждарын төлеу есебіне есепке жатқызылған уәкiлеттi орган атқарған кедендiк әкету баждарының, салықтардың және алымдардың, сондай-ақ өзге де төлемдердiң сомалары;";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат мынадай дереккөздерден қалыптастырылады:

      1) мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған тауарларға арналған декларациялардан (оның ішінде тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдаланған жағдайда), кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының есептемелерінен алынған мәліметтер және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес халықаралық тасымалдаудың уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде жасауға рұқсат етілмейтін операцияларды жасау туралы өтініш, оның ішінде осындай кедендік құжаттар мәліметтерін өзгертетін (толықтыратын) мәліметтер;

      2) мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған жеке шоттардан, тізілімдерден, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бюджеттері кірісіне іс жүзінде төленген және аударылған, Комиссия бекітетін қағидаларға сәйкес есепке жазу әдісі бойынша кедендік әкелу баждарының есебін жүргізудің бірыңғай қағидаттарына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтер қамтылған құжаттардан алынған мәліметтер.

      47. Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуі туралы мәліметтерді қамтымайды.";

      48-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кедендік әкелу баждарының қайтарылған сомалары;";

      мынадай мазмұндағы 51) және 52) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған аванстық төлемдер сомалары;

      52) кедендiк әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған кедендiк әкету баждарының, салықтардың және алымдардың, сондай-ақ өзге де төлемдердiң сомалары;";

      49-тармақта:

      бірінші абзацтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      екінші абзац "ақпараттың" деген сөзден кейін "құрамы," деген сөзбен толықтырылсын;

      51-тармақтағы "регламенттері бекітілгенге" деген сөздер "регламенттерін қолдану басталған күнге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 8 қосымша):

      мәтін бойынша "төлеушіге" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақтың он екінші абзацы алып тасталсын;

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ережеде (көрсетілген Хаттамаға қосымша):

      мәтін бойынша тиісті жекеше, көпше түрдегі және септеудегі "төлеуші" деген сөз алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне аванстық төлемдер, кедендік әкету баждары, салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленген және уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (кедендік әкелу баждарын қоспағанда) есепке жатқызылуы мүмкін;

      Уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары ретінде келіп түскен және нақты тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы бойынша сәйкестендірілмеген ақшалай қаражат (ақша) сомалары осы Ереженің мақсаттары үшін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары ретінде қаралады.

      Егер тауарларға қатысты кедендік рəсіммен орналастырылған аванстық төлемдерді арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне есепке жатқызу аванстық төлемдерді енгізген адамның тапсырмасы негізінде жүзеге асырылса, мұндай төлемдерді уəкілетті органның бірыңғай шотына есепке жатқызу мүше мемлекеттің кеден органы тауарларды шығарған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер тауарларды шығару тауарларға арналған декларация берілгенге дейін жүгізілген жағдайда, мүше мемлекеттің кеден органы электрондық құжатты әзірлеп, оны декларантқа жібереді, не қағаз тасымалдағышта берілген тауарларға арналған декларацияда және (немесе) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәліметтерді қамтитын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға шығару туралы тиісті белгі қойылған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік әкелу баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сəйкес жүргізіледі.

      Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамаға (Шартқа № 5 қосымша) сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша берешекті өтеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомасы есепке жатқызылуы мүмкін.";

      8-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасы "берешектің" деген сөздің алдынан "кедендік төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша" деген сөздермен, "жатқызулардың" деген сөзден кейін "(бұдан әрі – берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Алдын-ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын-ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) айқындалған жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Ереже ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары берешекті өтеу есебіне есепке жатқызудан басқа, өзге төлемдерді төлеу есебіне есепке жатқызылмайды.";

      19, 20 және 22-тармақтардағы "төлеушіге" деген сөз алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 1-і күнінен бастап күшіне енеді.


      20___ жылғы "______" __________ ____________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.


Армения Республикасы
үшін

Беларусь Республикасы
үшін

Қазақстан Республикасы
үшін

Қырғыз Республикасы
үшін

Ресей Федерациясы
үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады