Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 20 мамырдағы кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу" пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2. Жол картасының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері және ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) тоқсанның соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген |
"Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу" пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі |
Қаржылан |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | ОМС пилоттық жобасын іске асыратын мемлекеттік органдар тізбесін айқындау | Қаржыминінің бұйрығы | Қаржымині |
2019 жылғы қазан |
талап |
2. | ОМС пилоттық жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру | Қаржыминінің бұйрығы | пилоттық жобаның МО |
2019 жылғы қазан |
талап |
3. | ОМС пилоттық жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | жұмыс тобы отырысының хаттамасы | пилоттық жобаның МО | 2019 жылғы қазан |
талап |
4. | ОМС пилоттық жобасы шеңберінде бірыңғай ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу | Қаржыминің бұйрығы | пилоттық жобаның МО |
2019 жылғы қазан - қараша |
талап |
5. | ОМС пилоттық жобасы шеңберінде бірыңғай ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілердің өзара іс-қимылы бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу | Қаржыминің бұйрықтары | Қаржымині, Әділетмині |
2019 жылғы қазан - қараша |
талап |
6. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ |
2019 жылғы қазан - желтоқсан |
талап |
7. | Қайта ұйымдастырылған комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін, құрылымдарын және штаттық санын бекіту | Қаржыминің бұйрықтары |
Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ |
2020 жылғы қаңтар - ақпан |
талап |
8. | Пилоттық жобаның МО мемлекеттік сатып алу бойынша басқармаларының (бөлімдерінің) штаттық санын ішкі резерв есебінен ұлғайту және олардың ережелерін, құрылымдарын және штаттық санын бекіту | Облыс әкімдігінің (аудан әкімдігі) қаулысы, бұйрықтары | пилоттық жобаның МО |
2019 жылғы қараша |
талап |
9. | ОМС пилоттық жобасы мәселелері бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалын қайта қарау |
мемлекеттік |
Қаржымині, "ЭҚО" АҚ |
2019 жылғы желтоқсан |
талап |
10. | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында ОМС пилоттық жобасы бойынша вебинарлар өткізу | вебинарларды өткізу |
Қаржымині, |
2019 жылғы желтоқсан- |
талап |
11. |
ОМС пилоттық жобасын Пилоттық жобаның МО іске асыру | орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу | пилоттық жобаның МО |
2020 жылғы |
талап |
12. | ОМС пилоттық жобасын іске асырудың ай сайынғы мониторинг және талдау нәтижелері бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу моделін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | есеп беру, ұсыныстарды іске асыру |
Қаржымині, |
2020 жылғы |
талап |
13. | ОМС пилоттық жобасының қорытындысы |
Үкіметке және Президент Әкімшілігіне | Қаржымині, пилоттық жобаның МО | 2020 жылғы шілде |
талап |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині | – | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
МБА | – | "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
ОМС | – | Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу |
пилоттық жобаның МО | – | Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген ОМС пилоттық жобасын дайындауға қатысатын мемлекеттік органдар |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
"ЭҚО" АҚ | – | "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы |