Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 733 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына "Орта Азия – Орталық", "Мақат – Солтүстік Кавказ", "Окарем – Бейнеу", "Орынбор – Новопсков" (Батыс Қазақстан облысының аумағы бойынша 316 км және 63 км учаскелер), "Союз" (Батыс Қазақстан облысының аумағы бойынша 316 км және 63 км учаскелер), "Бұқара – Орал", "Қарталы – Рудный – Қостанай", "Газли – Шымкент", "Бұқара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы", "Жаңажол – Ақтөбе" магистральдық газ құбырларын (0-132 км учаскесіндегі) "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ның пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      2. "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамына жалпы сомасы 207407350 000 (екі жүз жеті миллиард төрт жүз жеті миллион үш жүз елу мың) теңге орналастыру бағасы 5000 (бес мың) теңге болатын 41481470 (қырық бір миллион төрт жүз сексен бір мың төрт жүз жетпіс) дана артықшылық берілген акцияларды "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады