"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "Қазақстан Республикасында күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 747 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "Қазақстан Республикасында күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "Қазақстан Республикасында күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "Қазақстан Республикасында күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 10 қазандағы
  № 747 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2015 жылғы "27" сәуірдегі
  № 339 қаулысымен
  мақұлданған
 
 
  Жоба

Жапония тарапының нотасы


      (қол қойылған қала) (қол қойылған күні)

      Жоғары мәртебелі,

      Екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ экологиялық таза энергияға қолжетімділікті жақсартуға ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігеріне жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлдерiнің арасында таяуда өткізілген келіссөздерге жүгінуді және Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуды мәртебе санаймын:

      1. (1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу жобасын (бұдан әрі "Жоба" деп аталады) жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның тиісті заңдары мен ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоғыз жүз отыз екі миллион жапон йені (¥ 932,000,000) сомасында грант (бұдан әрі "Грант" деп аталады) беру туралы шешім қабылдады.

      (2) Грант Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы мен Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (бұдан әрі – ЖХЫА деп аталады) арасында Грант туралы келісім (бұдан әрі Г/К деп аталады) жасасу арқылы берілетін болады.

      (3) Гранттың ережелері мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану рәсімдері осы уағдаластық шеңберінде Г/К-де реттелетін болады.

      2. Грант Г/К-де белгіленген мерзімге берілетін болады, ол кезең Г/К күшіне енген күні мен 31.12.2022 аралығындағы уақытты қамтуға тиіс. Бұл мерзім екі үкіметтің уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      3.(1) Грантты және ол бойынша есептелген пайыздарды Қазақстан Республикасының Үкiметi тиісті түрде және тек Жобаны іске асыру үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі жинақтап айтқанда "Компоненттер" деп аталады) сатып алу мақсатында, сондай-ақ мұндай тауарлардың құқықты елдерде өндірілуі және мұндай көрсетілетін қызметтерді құқықты өндіруші елдердің құзырындағы тұлғалардың ұсынуы шартымен Г/К-де белгіленгендей, Жобаны іске асыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге пайдалануы тиіс.

      (2) (1) тармақшада аталған құқықты өндіруші елдердің тізімін екі үкіметтің уәкілетті органдары келісетін болады.

      4. Компоненттерді тиімді, іркіліссіз және тиісті түрде сатып алу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне басқа да қажетті қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Г/К ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан әрекет ету үшін тәуелсіз және құзыретті агентпен (бұдан әрі "Агент" деп аталады) агенттік келісім жасасады. Бұл агенттік келісімді ЖХЫА Грант және ол бойынша есептелген пайыздар үшін қолайлы, жазбаша нысанда бекітетін болады.

      5. Грантты ЖХЫА Г/К ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органы тағайындаған Жапония банкiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан ашылған шотқа жапон йенімен төлемді жүзеге асыру арқылы атқаратын болады.

      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      (а) Қазақстан Республикасында 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген тауарларды кедендiк тазартуды тездетуді қамтамасыз ету және iшкi тасымалдауға жәрдемдесу;

      (b) 5-тармақта аталған шоттағы қалған қаражаттың мөлшерін ЖХЫА-ға Г/К шарттарына сай өтеу;

      (с) Компоненттерді сатып алуға, сондай-ақ Жобаға байланысты Агенттің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасында алынуы мүмкін кедендік баждардaн, ішкі салықтардaн және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден, басқа да фискалдық алымдардан босатуғa кепілдік беру;

      (d) жапондық жеке тұлғаларға және/немесе көрсетілетін қызметтері Компоненттерді беруге байланысты талап етілуі мүмкін Агент жалдаған жеке тұлғаларды қоса алғанда, үшінші елдердің жеке тұлғаларына өздерінің жұмысын орындау үшiн Қазақстан Республикасына келуі және онда болу үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      (е) Г/К шарттарына сәйкес 5-тармақта көрсетілген шот бойынша транзакциялар туралы есепті ЖХЫА үшін қолайлы жазбаша нысанда ЖХЫА-ға Агент арқылы ұсыну;

      (f) Жобаны iске асыру мақсатында Компоненттердің тиісті түрде және тиiмдi күтіп-ұстауға және пайдалануға кепілдік беру;

      (g) Грант және ол бойынша есептелген пайыздар есебiнен жабылатындарынан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығындарды өзіне алу;

      (h) Жобаны іске асыру кезінде экологиялық және әлеуметтік пікірлерді ескеру үшін қажетті шаралар қабылдауға тиіс.

      (2) Талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Жапония Үкіметіне жоба бойынша қажетті ақпарат береді.

      (3) Қазақстан Республикасының Үкіметі 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған тауарлардың жүк тасымалына және оларды теңізде сақтандыруға қатысты кеме қатынасы және теңізде сақтандыру компанияларының әділ және еркін бәсекелестігіне кедергі келтіруі мүмкін кез келген шектеулер салудан бой тартады.

      (4) 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа немесе кері экспортқа жатпайды.

      7. Екі үкімет осы уағдаластықтан немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселеге қатысты бір-бірімен бірлескен консультациялар өткізеді.

      Мен бұдан әрі осы Нота және Жоғары мәртебелі, Сіздің жоғарыда көрсетілген уағдаластықтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша растауды алған күнінен бастап күшіне енетін екі үкімет арасындағы Келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе санаймын.


      Осы Нота жапон, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды әрі әрбір мәтін теңтүптұсқалы болып табылады және түсiндiруде кез келген алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.


      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары мәртебелі, Сізге өзімнің зор ілтипатымды тағы да бiлдiремiн.

Қазақстан тарапының нотасы

      (қол қойылған қала) (қол қойылған күні)


      Жоғары мәртебелі,

      Жоғары мәртебелi, өзіңізден бүгінгі күнмен белгіленген Нота алғанымды растауды мәртебе санаймын, онда былай делінген:

      Екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ экологиялық таза энергияға қолжетімділікті жақсартуға ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігеріне жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі өкiлдерiнің арасында таяуда өткізілген келіссөздерге жүгінуді және Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуды мәртебе санаймын:

      1. (1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Күн сәулелі фотоэлектр жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу жобасын (бұдан әрі "Жоба" деп аталады) жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның тиісті заңдары мен ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоғыз жүз отыз екі миллион жапон йені (¥ 932,000,000) сомасында грант (бұдан әрі "Грант" деп аталады) беру туралы шешім қабылдады.

      (2) Грант Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органы мен Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (бұдан әрі – ЖХЫА деп аталады) арасында Грант туралы келісім (бұдан әрі Г/К деп аталады) жасасу арқылы берілетін болады.

      (3) Гранттың ережелері мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану рәсімдері осы уағдаластық шеңберінде Г/К-де реттелетін болады.

      2. Грант Г/К-де белгіленген мерзімге берілетін болады, ол кезең Г/К күшіне енген күні мен 31.12.2022 аралығындағы уақытты қамтуға тиіс. Бұл мерзім екі үкіметтің уәкілетті мемлекеттік органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      3.(1) Грантты және ол бойынша есептелген пайыздарды Қазақстан Республикасының Үкiметi тиісті түрде және тек Жобаны іске асыру үшін қажетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі жинақтап айтқанда "Компоненттер" деп аталады) сатып алу мақсатында, сондай-ақ мұндай тауарлардың құқықты елдерде өндірілуі және мұндай көрсетілетін қызметтерді құқықты өндіруші елдердің құзырындағы тұлғалардың ұсынуы шартымен Г/К-де белгіленгендей, Жобаны іске асыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге пайдалануы тиіс.

      (2) (1) тармақшада аталған құқықты өндіруші елдердің тізімін екі үкіметтің уәкілетті органдары келісетін болады.

      4. Компоненттерді тиімді, іркіліссіз және тиісті түрде сатып алу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне басқа да қажетті қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Г/К ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан әрекет ету үшін тәуелсіз және құзыретті агентпен (бұдан әрі "Агент" деп аталады) агенттік келісім жасасады. Бұл агенттік келісімді ЖХЫА Грант және ол бойынша есептелген пайыздар үшін қолайлы, жазбаша нысанда бекітетін болады.

      5. Грантты ЖХЫА Г/К ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органы тағайындаған Жапония банкiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан ашылған шотқа жапон йенімен төлемді жүзеге асыру арқылы атқаратын болады.

      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      (а) Қазақстан Республикасында 3-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген тауарларды кедендiк тазартуды тездетуді қамтамасыз ету және iшкi тасымалдауға жәрдемдесу;

      (b) 5-тармақта аталған шоттағы қалған қаражаттың мөлшерін ЖХЫА-ға Г/К шарттарына сай өтеу;

      (с) Компоненттерді сатып алуға, сондай-ақ Жобаға байланысты Агенттің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасында алынуы мүмкін кедендік баждардан, ішкі салықтардaн және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден, басқа да фискалдық алымдардан босатуға кепілдік беру;

      (d) жапондық жеке тұлғаларға және/немесе көрсетілетін қызметтері Компоненттерді беруге байланысты талап етілуі мүмкін Агент жалдаған жеке тұлғаларды қоса алғанда, үшінші елдердің жеке тұлғаларына өздерінің жұмысын орындау үшiн Қазақстан Республикасына келуі және онда болу үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      (е) Г/К шарттарына сәйкес 5-тармақта көрсетілген шот бойынша транзакциялар туралы есепті ЖХЫА үшін қолайлы жазбаша нысанда ЖХЫА-ға Агент арқылы ұсыну;

      (f) Жобаны iске асыру мақсатында Компоненттердің тиісті түрде және тиiмдi күтіп-ұстауға және пайдалануға кепілдік беру;

      (g) Грант және ол бойынша есептелген пайыздар есебiнен жабылатындарынан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығындарды өзіне алу;

      (h) Жобаны іске асыру кезінде экологиялық және әлеуметтік пікірлерді ескеру үшін қажетті шаралар қабылдауға тиіс.

      (2) Талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Жапония Үкіметіне жоба бойынша қажетті ақпарат береді.

      (3) Қазақстан Республикасының Үкіметі 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған тауарлардың жүк тасымалына және оларды теңізде сақтандыруға қатысты кеме қатынасы және теңізде сақтандыру компанияларының әділ және еркін бәсекелестігіне кедергі келтіруі мүмкін кез келген шектеулер салудан бой тартады.

      (4) 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа немесе кері экспортқа жатпайды.

      7. Екі үкімет осы уағдаластықтан немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселеге қатысты бір-бірімен бірлескен консультациялар өткізеді.

      Мен бұдан әрі осы Нота және Жоғары мәртебелі, Сіздің жоғарыда көрсетілген уағдаластықтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша растауды алған күнінен бастап күшіне енетін екі үкімет арасындағы Келісімді құрайды деп ұсынуды мәртебе санаймын.

      Осы Нота жапон, қазақ және ағылшын тілдерінде жасалды әрі әрбір мәтін теңтүптұсқалы болып табылады және түсiндiруде кез келген алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары мәртебелі, Сізге өзімнің зор ілтипатымды тағы да бiлдiремiн.

      Мен жоғарыда көрсетілген уағдаластықтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан одан әрі растауды, сондай-ақ Жоғары мәртебелі, Сіздің Нотаңыз бен осы жауап Нота Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша растауды алған күнінен бастап күшіне енетін екі үкімет арасындағы Келісімді құрайтынына келісуді мәртебе санаймын.

      Осы Нота қазақ, жапон және ағылшын тілдерінде жасалды әрі әрбір мәтін теңтүпнұсқалы болып табылады және түсіндіруде кез келген алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары мәртебелім, Сізге өзімнің зор ілтипатымды бiлдiремiн.

Рәсімдік нақтылаулар бойынша келісілген хаттама

      Екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ экологиялық таза энергияға қолжетімділікті жақсартуға ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігеріне жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты (Н/А-ға қол қойылған күн) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Ноталар алмасудың (бұдан әрі "Ноталар алмасу" деп аталады) 3 және 4-тармақтарына сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің өкілдері мынадай рәсімдік нақтылауларды куәландыруды қалайды:

      1. (1) Ноталар алмасудың 3-тармағының (2) тармақшасында атап көрсетілгендей, құқықты өндіруші елдер Қазақстан Республикасы мен Жапония болуға тиіс. Ноталар алмасудың 1-тармағының (1) тармақшасында аталған Грант және оған есептелген пайыздар Ноталар алмасудың 3-тармағының (1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының және Жапонияның тауарларын, сондай-ақ Қазақстан құзырындағы тұлғалар мен Жапония құзырындағы тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу үшін пайдаланылуға тиіс (Осы Рәсімдік нақтылаулар бойынша келісілген хаттамадағы "Қазақстан құзырындағы тұлғалар" деген термин қазақстандық жеке және заңды тұлғаларды білдiредi. Осы Рәсімдік нақтылаулар бойынша келісілген хаттамада пайдаланылатын "Жапония құзырындағы тұлғалар" терминi жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды білдіреді.).

      (2) Жоғарыда (1) тармақшада сипатталған шарттарға қарамастан, екі үкімет қажет деп есептеген жағдайда, Қазақстан Республикасы мен Жапониядан басқа елдер де құқықты өндіруші елдері болуы мүмкін.

      2.(1) Қазақстан Республикасының Үкіметі Ноталар алмасудың 1-тармағының (2) тармақшасында аталған гранттық келісім күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде Ноталар алмасудың 4-тармағында көрсетілгендей тәуелсіз және құзыретті агент болып табылатын Crown Agents Limited-пен (CA) Агенттік келісім жасасуға тиіс.

      (2) Ноталар алмасудың 3-тармағының (1) тармақшасында айтылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған келісімшарттар СА мен Жапония құзырындағы тұлғалар арасында жапон йенімен жасалуға тиіс.

      Осы Рәсімдік нақтылаулар бойынша келісілген хаттама қазақ, жапон және ағылшын тілдерінде жасалды әрі әрбір мәтін теңтүпнұсқалы болып табылады және түсіндіруде кез келген алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.


      (қол қойылған қала) (қол қойылған күні)
      (Жапония тарапынан) (Қазақстан тарапынан)
      (лауазымы) (лауазымы)

Талқылау хаттамасы

      Екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ экологиялық таза энергияға қолжетімділікті жақсартуға ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігеріне жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты (Н/А-ға қол қойылған күн) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Ноталар алмасуға (бұдан әрі "Ноталар алмасу" деп аталады) сілтеме жасай отырып, қазақстандық делегация мен жапондық делегация өкілдері төмендегілерді куәландыруды қалайды:

      1. Ноталар алмасудың 3-тармағының (1) тармақшасында атап көрсетілгендей, Жапония делегациясының өкілдері Жапония Үкіметі Ноталар алмасудың 4-тармағында аталғандай тәуелсіз және құзыретті агент Ноталар алмасудың 3-тармағының (1) тармақшасында аталған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды орындайтын келісімшарттарды бергені үшін көтермелеу немесе сыйақы тәрізді Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық әрекеттер ретінде бағалануы мүмкін қандай да бір ұсыныстарға, сыйлықтарға немесе төлемдерге (сыйақыларға) жол бермеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық қажетті шараларды қабылдайды деп пайымдайтынын хабарлады.

      2. Ноталар алмасудың 6-тармағының (2) тармақшасында аталғандай, Жапония делегациясының өкілдері Жапония Үкіметі:

      a) қажетті ақпарат Ноталар алмасудың 1-тармағының (1) тармақшасында аталған Жобаға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы ақпаратты қамтиды және

      b) Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай ақпарат көздерімен әділ жұмыс істеуге кепілдік береді деп пайымдайтынын хабарлады.

      3. Жапония делегациясының өкілдері осы Талқылау хаттамасы қазақ, жапон және ағылшын тілдерінде жасалғанын әрі әрбір мәтін теңтүпнұсқалы болып табылатынын және түсіндіруде кез келген алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болатынын мәлімдеді.

      4. Қазақстандық делегацияның өкiлдері қазақстандық делегацияның жоғарыда баяндалған Жапония делегациясы өкілінің тұжырымдары бойынша қарсылықтары жоқ екенiн хабарлады.

      (қол қойылған қала) (қол қойылған күні)
      (Жапония тарапынан) (Қазақстан тарапынан)
      (лауазымы) (лауазымы)

Ауызша нота

      Екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу мен оның салдарын жеңілдетуге, сондай-ақ экологиялық таза энергияға қолжетімділікті жақсартуға ерекше назар аудара отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігеріне жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты (Н/А-ға қол қойылған күн) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Ноталар алмасуға (бұдан әрі "Ноталар алмасу" деп аталады) сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жапония Елшілігіне Жапония грантының шеңберінде сатып алынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер және оған есептелген пайыздар әскери мақсатта пайдаланылмайтынын хабарлауды мәртебе санайды.

      Осы Ауызша нота қазақ, жапон және ағылшын тілдерінде жасалды әрі әрбір мәтін теңтүпнұсқалы болып табылады және түсіндіруде кез келген алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады