"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 қазандағы № 775 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1054 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасында:

      "Бағдарлама паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы шығындары республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебінен көзделеді.

      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

  млрд. теңге


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

РБ*

127,6

148,6

304,2

294,2

297,1

1171,7

Бюджеттен тыс қаражат**

43,1

120,9

129,4

101,2

109,6

504,2

Жиыны

170,7

269,5

433,6

395,4

406,7

1675,9

      ";

      "Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру мына нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:

      мына:

      "1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нәтижелер көрсеткіш-тері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шар-шы метр

150*

150*

507,3

637,5

637,5

ИИДМ,
облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала-ларының ЖАО
деректері

ИИДМ,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

      ";

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген 5-бөлімде:

      "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу" деген 5.1-кіші бөлімде:

      үшінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

      "2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары ЖАО-ның көзделген қаражат шеңберінде жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бастапқы және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алуына рұқсат етіледі.

      Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың мөлшері сатып алынатын және (немесе) салынатын сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйдің бірлігіне шаққанда 2019 жылы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары үшін 7,2 млн. теңгеден, Алматы қаласы үшін 13,2 млн. теңгеден және 2020 – 2021 жылдары 7,2 млн. теңгеден аспайды.

      Тұрғын үйдің құны белгіленген шектен асқан жағдайда шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылады.

      2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО-сына осы Бағдарламаның 5.2-кіші бөліміне сәйкес шығарылған облигациялық қарыздар есебінен салынған кредиттік тұрғын үй объектілерінен жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз пәтерлердің бір бөлігін жалға беруге рұқсат етіледі.

      Бұл ретте кейін кредиттік тұрғын үйдің құны сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй объектілерінде пәтерлерді жалға беру және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты арқылы өтеледі.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде және Жастар жылының салтанатты ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру үшін жыл сайын 6 мың тұрмысы төмен көпбалалы отбасы және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін 3 мың жас азаматтар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.";

      "Кредиттік тұрғын үй салу" деген 5.2-кіші бөлімнің 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үйдің жалпы алаңы 80 шаршы метрден аспауға тиіс, бұдан 5 %-дан асырмай ауытқуға рұқсат етіледі. Салуға жұмсалатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты және (немесе) құрылыс салушының есебінен өтелетін болса, алаңы рұқсат етілген ауытқудан асатын тұрғын үй салуға жол беріледі. Тұрғын үйді өткізу кезінде құнын Бағдарламаға қатысушы жалпы алаң бойынша өтейді.";

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй құрылысын салу" деген 5.5-кіші бөлімде:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Бәйтерек девелопмент" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) проблемалық объектілерді аяқтау үшін ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен кредит береді.

      Уәкілетті ұйым "Бәйтерек девелопмент" АҚ-дан тартқан қаражат есебінен тұрғын үй құрылысының проблемалық объектілеріне қаржылық, заңдық және техникалық аудит жүргізеді, кредиттік қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын, объектілерді, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілерін бұзуды және (немесе) бөлшектеуді, жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) сатып алуды, жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салуды, құрылысқа аванс беруді қаржыландырады.

      Уәкілетті ұйым "Бәйтерек девелопмент" АҚ алдында қаражаттың қайтарылуын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен келісу бойынша объектілерде бос алаңдарды өткізуден, сондай-ақ жаңа көппәтерлі тұрғын үйлерді (жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар) салуға берілетін кредиттік қаражат шеңберінде қаражатты қайта пайдалануға құқылы.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жергілікті бюджет қаражаты есебінен проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау шеңберінде инженерлік желілер мен абаттандыруды қаржыландыруды және салуды қамтамасыз етуі мүмкін.

      Қаражат көздері және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның уәкілетті ұйымды кредиттеу шарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің хаттамасына сәйкес айқындалады.

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі – ВАК) объектілердің тізбесін қарайды және оларды кредиттік қаражат есебінен қаржыландыру үшін уәкілетті ұйымға ұсынады.

      Объектілердің бағалық және техникалық параметрлері бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы мен орындалған жұмыстардың көлемі туралы техникалық аудиттің нәтижелері негізінде анықталады.

      Уәкілетті ұйым көрсетілген растайтын құжаттардың, сондай-ақ бос алаңдар туралы деректердің негізінде кредиттік қаражаттың белгіленген мерзімде қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен құрылысты аяқтау үшін қажетті қаржы қаражатының көлемін анықтайды.

      Қаражаттың қайтарымдылығы уәкілетті ұйымға проблемалық объектілердегі және (немесе) жаңа көппәтерлі тұрғын үйлердегі бос алаңдарды және (немесе) оларды өткізуден түскен қаражатты, сондай-ақ үлескерлердің пайдасына өндіріп алынған ақша қаражатын және (немесе) мүлікті беру есебінен қамтамасыз етіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі белгіленген мерзімде уәкілетті ұйымның "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.";

      "Қажетті ресурстар" деген 6-бөлімде:

      "Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы шығындары республикалық бюджет, жеке инвестициялар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ капитал нарығына тартылатын басқа да қаражат есебінен көзделеді.

      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

  млрд. теңге


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

РБ*

127,6

148,6

304,2

294,2

297,1

1171,7

Бюджеттен тыс қаражат**

43,1

120,9

129,4

101,2

109,6

504,2

Жиыны

170,7

269,5

433,6

395,4

406,7

1675,9

      ";

      "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қосымшада:

      "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген кестеде:

      мына:

      "


1-міндет. сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу


Көрсеткіш**
Сатып алу құқығын-сыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шар-шы метр



ИИДМ, облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым-кент қала-лары-ның ЖАО

150

150

489,6

557,5

557,5

1904,6




Іс-шаралар

1

Облыстық бюджет-терге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары-ның бюджет-теріне коммунал-дық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) рекон-струкция-лауға берілетін нысаналы транс-ферттерін бөлуді қамтама-сыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің қаулысы, келісімдер

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

25,0

26,9

90,0

90,0

90,0

321,8

ҰҚ, РБ қаражаты*

228


халықтың әлеуметтік жағынан осал өзге де топтары үшін





25,0

26,8

32,8

32,8

32,8

150,20




жұмыс істейтін жастар үшін







7,2

7,2

7,2

21,6




тұрмысы төмен көп-балалы отбасылар үшін







50,0

50,0

50,0

150,0



2

ЖАО-ның сатып алу құқығын-сыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуын қамтама-сыз етуі **

мың шар-шы метр

пайда-лануға беру актісі

жыл сай-ын, 2017 –2021 жыл-дар

облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым-кент қала-лары-ның ЖАО

150

150

489,6

557,5

557,5

1904,6



      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "


1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу


Көрсеткіш**
Сатып алу құқығын-сыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИИДМ, облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым-кент қала-лары-ның ЖАО

150

150

507,3

637,5

637,5

2082,3




Іс-шаралар

1

Облыстық бюджет-терге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары-ның бюджет-теріне коммунал-дық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және сатып алуға (немесе) рекон-струкция-лауға берілетін нысаналы транс-ферттерін бөлуді қамтама-сыз ету

млрд. теңге

Қазақ-стан Рес-публи-касы Үкі-метінің қаулы-сы, келі-сімдер

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, Қаржы-мині, облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым-кент қала-лары-ның ЖАО

25,0

26,9

104,4

104,4

104,4

365,1

ҰҚ, РБ қара-жаты*

228


халықтың әлеуметтік жағынан осал өзге де топтары үшін





25,0

26,8

32,8

32,8

32,8

150,20




жұмыс істейтін жастар үшін







21,6

21,6

21,6

64,8




көпбалалы отбасылар үшін







50,0

50,0

50,0

150,0



2

ЖАО-ның сатып алу құқығын-сыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуын қамтама-сыз етуі **

мың шар-шы метр

пайда-лануға беру актісі

жыл сай-ын, 2017 –2021 жыл-дар

облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым-кент қала-лары-ның ЖАО

150

150

507,3

637,5

637,5

2082,3



      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады