"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 9 мекенжайы бойынша Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ғимараттар кешені (түзету)" жобасы шеңберінде трансформаторлық қосалқы станция салу жұмыстарын сатып алу үшін "Bazis Construction" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім беруші болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |