"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры" және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Академиялық" мәртебе берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |