2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күндері:
2020 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға;
2020 жылғы 11 мамырдағы дүйсенбіден 2020 жылғы 8 мамырдағы жұмаға;
2020 жылғы 20 желтоқсандағы жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсандағы жұмаға ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |