Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42, 226-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 827 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысымен бекітілген |
Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі
Р/с № | Тауардың/субпозицияның атауы | СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 |
2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қауіпсіздікті тексеруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салулар мен шектеулерді сақтау көзделген тауарлар | ||
1 | Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей | 0401 |
2 | Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей | 0402 |
3 | Пахта, іріген сүт және кілегей, йогурт, айран және өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған, дәмді хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған | 0403 |
4 | Қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сарысуы; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүттің табиғи компоненттерінен жасалған өнімдер | 0404 |
5 | Сары май және сүттен жасалған майлар мен өзге де тоң майлар; сүт пасталары | 0405 |
6 | Ірімшік және сүзбе | 0406 |
7 | Шұжықтар және еттен, субөнімнен немесе қаннан жасалған соған ұқсас өнімдер; солардың негізінде дайындалған дайын тамақ өнімдері | 1601 00 |
8 | Еттен субөнімнен немесе қаннан жасалған өзге де дайын немесе консервіленген өнімдер | 1602 |
9 | Дайын немесе консервіленген балық; бекіре уылдырығы және балық уылдырығынан дайындалған оны алмастырғыштар | 1604 |
10 | Құрамында какао жоқ қанттан жасалған кондитерлік өнімдер (ақ шоколадты қоса алғанда) | 1704 |
11 | Құрамында какао бар шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері | 1806 |
12 | Құрамында какаосы бар немесе жоқ нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті тоқаштар, печенье және өзге де нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер; вафельді пластиналар, фармацевтикалық мақсаттарда пайдалануға жарамды бос капсулалар, мөрлеуге арналған вафельді қабаттар, күріш қағазы және ұқсас өнімдер | 1905 |
13 | Жеміс шырындары (жүзім ашытқысын қоса алғанда) және ашытылмаған және құрамында спирт қоспалары жоқ, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған көкөніс шырындары | 2009 |
14 | 2825 тауар позициясында көрсетілген кальций оксиді мен гидроксидінен басқа, сөндірілмеген, сөндірілген және гидравликалық әк | 2522 |
15 | Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер нысанында портландцемент, қож цементі, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер |
2523 10 000 0 |
16 | Медициналық гипсті бинттер | 3005 90 310 0 |
17 | 6103 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, ерлерге немесе ұл балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 6101 |
18 | 6104 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 6102 |
19 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа) | 6103 |
20 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа) | 6104 |
21 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жейделер | 6105 |
22 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, блузалар және блузондар | 6106 |
23 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және машинамен немесе қолмен тоқылған ұқсас трикотаж бұйымдар | 6107 |
24 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған жұқа іш киімдер, ішкі белдемшелер, трусилер, панталондар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас трикотаж бұйымдар | 6108 |
25 | Машинамен немесе қолмен тоқылған майкалар, жеңдері бар күпәйкелер және өзге де ішінен тоқылған трикотаж күпәйкелер | 6109 |
26 | Машинамен немесе қолмен тоқылған свитерлер, пуловерлер, кардигандар, кеудешелер және ұқсас трикотаж бұйымдар | 6110 |
27 | Машинамен немесе қолмен тоқылған балалар киімі және балалар киіміне трикотаж керек-жарақтар | 6111 |
28 | Машинамен немесе қолмен тоқылған спорттық, шаңғы тебуге арналған және суға түсетін трикотаж костюмдер | 6112 |
29 | 5903, 5906 немесе 5907 тауар позицияларының машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж матадан жасалған киім заттары | 6113 00 |
30 | Машинамен немесе қолмен тоқылған өзге де трикотаж киім заттары | 6114 |
31 | Машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма колготкалар, ұзын шұлықтар, гольфтар, шұлықтар және подследниктер мен басқа да шұлық бұйымдары, қысымды бөліп тарататын компрессиялық шұлық бұйымдарын (мысалы, тамырлардың түйнеліп кеңеюімен ауыратын адамдарға арналған шұлықтар) қоса алғанда және табаны жоқ аяқкиім | 6115 |
32 | Машинамен немесе қолмен тоқылған қолғаптар, биялайлар және трикотаж митенкалар | 6116 |
33 | Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімге дайын керек-жарақтар; машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімнің бөліктері немесе киімге керек-жарақтар | 6117 |
34 | 6203 тауар позициясының бұйымдарынан басқа ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 6201 |
35 | 6204 тауар позициясының бұйымдарынан басқа әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар | 6202 |
36 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа) | 6203 |
37 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа) | 6204 |
38 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған жейделер | 6205 |
39 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған блузкалар, блузалар және блузондар | 6206 |
40 | Ерлерге немесе ұл балаларға арналған майкалар және өзге де дене күпәйкелер, кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас бұйымдар | 6207 |
41 | Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған майкалар және өзге де ішкі күпәйкелер, комбинациялар, ішкі белдемшелер, трусилер, панталондар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас бұйымдар | 6208 |
42 | Балалар киімі және балалар киіміне керек-жарақтар | 6209 |
43 | 5602, 5603, 5903, 5906 немесе 5907 тауар позицияларының материалдарынан жасалған киім заттары | 6210 |
44 | Спорттық, шаңғы және суға түсетін костюмдер; өзге де киім заттары | 6211 |
45 | Машинамен немесе қолмен тоқылған немесе трикотаж емес бюстгальтерлер, белдіктер, корсеттер, иықбаулар, байламдар және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері | 6212 |
46 | Орамалдар | 6213 |
47 | Шарфтар, мойын орамалдар, мантильялар, бетперделер және ұқсас бұйымдар | 6214 |
48 | Галстуктер, мойынтақтар және мойын орамалдар | 6215 |
49 | Қолғаптар, биялайлар және митенкалар | 6216 00 000 0 |
50 | Киімге өзге де дайын керек-жарақтар; 6212 тауар позициясына енгізілгендерден басқа киім бөліктері немесе киімге керек-жарақтар | 6217 |
51 | Жол көрпелері мен жамылғылар | 6301 |
52 | Төсек жаймалары, асхана, туалет және асүй жаулықтары | 6302 |
53 | Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған табаны бар және үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім | 6403 |
54 | Ершікті тартқыштар |
8701 20 101 3 |
55 | Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары |
8702 10 119 9 |
56 | Жеңіл автомобильдер |
8703 21 109 9 |
57 | Жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары |
8704 21 310 0 |
58 | Жолсыз жағдайларда пайдалануға арналған өзі аударғыш автомобильдер |
8704 10 102 9 |
59 | Кабельдер және жалғау құралдары бар немесе оларсыз басқа да оқшауланған электр өткізгіштері |
8544 30 000 7 |
60 | Кереуетке айналатын немесе айналмайтын отыруға арналған жиһаз (9402 тауар позициясында көрсетілгеннен басқа) |
9401 30 000 |
61 | Өзге де жиһаз |
9403 10 |
62 | Үш дөңгелекті велосипедтер, самокаттар, педальді автомобильдер және дөңгелектері бар осыған ұқсас ойыншықтар; қуыршақтарға арналған арбалар; қуыршақтар, басқа да ойыншықтар; кішірейтілген өлшемдегі ("масштабтағы") модельдер және қолданыстағы немесе қолданыстағы емес ойын-сауыққа арналған ұқсас модельдер; барлық түрдегі басқатырғыштар | 9503 00 |