"Жамбыл Жабаевтың ескерткіші" республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 841 қаулысы

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тараз қаласы, Жамбыл алаңы мекенжайы бойынша орналасқан "Жамбыл Жабаевтың ескерткіші" республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Тараз қаласы, Абай көшесі мекенжайы бойынша Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңға ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Реснубликасының Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазакстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады