Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 877 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 34-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-3) капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;";

      277) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      136) тармақша алып тасталсын;

      488) тармақша алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдарының тізбесінде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      148-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:

      "148. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы қазынашылық басқармасы.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері" деген 1-бөлімде:

      129-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:

      "129. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы 26 қарашадағы
№ 877 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi бойынша:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Таран аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi бойынша:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады