"Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 887 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының 100 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын:

      "280-4. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 389-4-жол алып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады