"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 894 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар, № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75- құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, №19-1, 19-11, 96-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; 2018 ж.,№ 19, 62-құжат):

      1) 1-баптың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "радиациялық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің касиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;";

      2) 3-баптың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "авариялық оңтайландыру қағидаты - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы радиациялық аварияның салдарын жою жөніндегі іс-шаралардан болатын нақты пайдасы зиянына қарағанда пайдасы көп болатындай етіп оңтайландырылуға тиіс.";

      3) 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Қазакстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      6-бап. Мемлекеттік органдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті

      1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамада көзделген халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;

      3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады:

      1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының кеден органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.";

      4) 8-баптың 2-тармағынан "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 14-бапта "сондай-ақ" деген сөзден кейін "табиғи және" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-1, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-11, 103-құжат; № 20-1V, 113-құжат; № 21-1, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-1, 169-құжат; 2016 ж., № I, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-1, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІП, 111-құжат; N 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13,41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат):

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 19-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21.

Атом
энергиясын
пайдалану
саласындағы
қызметтерді
көрсетуге
арналған
лицензия

1. Құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері
бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу

Иеліктен шығарылмайтын;
Лицензияның қолданылу мерзімі - 5 жыл ("Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды
арнайы даярлау" және
"Ядролық қондырғылар мен
ядролық материалдарды
физикалық қорғау"
кіші түрлерін қоспағанда); лицензия беру кезінде осы
Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1,2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып

2. Иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай
көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау
 

3. Аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс
орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық
бақылау

4. Өнімдердегі, материалдардағы,
қоршаған орта обьектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу

5. Персоналды жеке дозиметрлік бақылау

6. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау

7. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау


      ";

      реттік нөмірі 23 - жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


23.

Радиоактивті
заттармен,
құрамында
радиоактивті
заттар бар
аспаптармен
және
қондырғыла
мен жұмыс
істеуге
арналған
лицензия

1. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоакгивті
заттар бар аспаптарды және қондырғыларды
дайындау

Иеліктен
шығарылмайтын;
лицензияның
қолданылу мерзімі
5 жыл;
лицензия беру
кезінде осы Заңның
25-бабы 3-тармағы
бірінші бөлігінің
және 26-бабы 1,
2-тармақтарының
күші
қолданылмайды;
1-сынып

2. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті
заттар бар аспаптарды және қондырғыларды
пайдалану

3. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау

4. Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті
заттар бар аспаптарды және қондырғыларды
өткізу


                        ";

      реттік нөмірі 25-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26.

Ядролық материалдар мен
жұмыс істеуге
арналған
лицензия

1. Ядролық материалдарды өткізу

Иеліктен
шығарылмайтын;
лицензияның қолданылу
мерзімі 5 жыл;
лицензия беру кезінде
осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы
1, 2-тармақтарының
күші қолданылмайды;
1-сынып




2. Ядролық материалдарды
пайдалану




3. Ядролық материалдарды сақтау




4. Табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу


      ".

      3. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 1-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алып қою деңгейі - уәкілетті орган белгілеген ядролық материалдардың, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылардың сипаттамаларын айқындайтын физикалық шама мәндері;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу - атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді салу, дайындау, алу, беру, жеткізу, иелену, пайдалану, пайдалануға беру және пайдаланудан шығару, қайта өңдеу, монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, зарядтау, қайта зарядтау, бөлшектеу, кәдеге жарату, консервациялау, тасымалдау, импорттау, экспорттау, активсіздендіру, кейіннен кәдеге жарату, сақтау, көму кезінде олармен қолмен жасалатын және (немесе) автоматтандырылған операциялардың, әрекеттердің жиынтығы;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) радиациялық қондырғы - өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) ядролық қондырғы - уран немесе торий кендерін өндіруге немесе өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, оған жататын үй-жайларды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда, атом электр станциясы, ядролық реактор, оның ішінде пайдаланудан шығарылмаған, шектен төмен және шектік құрастырмалар, ядролық отын дайындайтын зауыт, пайдаланылып болған ядролық отын қоймасы, уран гексафторидінің қоймасы, ядролық материалды байытатын немесе өңдейтін;";

      2) 5-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу қағидаларын бекітеді;";

      3) 6-бапта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу қағидаларын әзірлейді;";

      26) тармақша алып тасталсын;

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялауға жататын, ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейін белгілейді;";

      4) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "нұсқама" деген сөз "акт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 7-1-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) атом энергиясын пайдалану саласындағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманын орындалуын бақылау.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, лауазымды адамдар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді, ал адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда, жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт беріледі.";

      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда лауазымды адамның қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін соттың шешімінсіз үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оларға тыйым салуға құқығы бар. Көрсетілген мерзімде уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа жіберуге міндетті.

      Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.

      22. Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) нөмірі, жасалу күні мен орны;

      2) осы актіні берген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;

      3) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі және қадағалау объектісі;

      4) осы шараны қолдану негізі;

      5) қызметті жүзеге асыруы уақытша тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға жататын объект;

      6) қызметтің іс жүзінде тоқтатыла тұру уақыты;

      7) тұлғаның түсініктемелері;

      8) істі дұрыс шешу үшін қажет өзге де деректер.

      23. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және (немесе) қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт қадағалау субъектісіне немесе оның өкіліне осы баптың 17-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен табыс етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту жағдайында, актіде тиісті жазба жазылып, бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мен қадағалау субъектісі немесе оның уәкілетті өкілі қол қойған хаттама толтырылады.

      Қадағалау субъектісі хаттамаға қол қоюдан бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, бас тартуға құқылы. Жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы актінің орындалмауына негіз бола алмайды. Жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт хаттама толтырылған сәттен бастап берілген болып табылады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және (немесе) қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт қадағалау субъектілерінің оларды алған сәттен бастап орындауы үшін міндетті болып табылады.

      25. Лауазымды адамдар беретін анықталған бұзушылыктарды жою туралы нұсқама және (немесе) қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы акт жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      6) 8-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті органға ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жүйелердегі, жабдықтардағы, ядролық қондырғының жобалық және технологиялық құжаттамасындағы кез келген өзгерістер туралы хабарлауға;";

      7) 9-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атом энергиясын пайдалану саласында мынадай қызмет түрлеріне лицензиялар беріледі:

      1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік цикл кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау;

      2) ядролық материалдармен жұмыс істеу;

      3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;

      4) иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу;

      5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету;

      6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;

      7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;

      8) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет.

      Лицензия мынадай қызмет түрлеріне берілмейді:

      1) aлу деңгейі төмен ядролық материалдармен жұмыс істеу;

      2) алу деңгейі төмен радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және кондырғылармен жұмыс істеу;

      3) алу деңгейі төмен иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мынадай қызмет түрлері үшін: атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау; ядролық материалдармен жұмыс істеу; радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу; ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау; атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету; бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу өтінішінің мерзімі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша беру алдында өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат талаптарына сәйкестігін растау кезінде түпнұсқа құжаттың болмауы рұқсат және (немесе) рұқсатты беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      8) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлғалар ғана ядролық қондырғылардың, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық қондырғылардың меншік иелері бола алады.";

      9) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ядролық қондырғылардың және көму пункттерін салу, қайта құру, пайдаланудан шығару жобалау құжаттары міндетті түрде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізіледі.";

      10) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау көліктік қаптама комплектілерін дайындауға және оларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүктерді дайындауға, тиеуге, жөнелтуге, транзиттік сақтауды қоса алғанда, тасуға, соңғы межелі пунктте түсіруге және қабылдап алуға байланысты, соның ішінде авариялық жағдайлармен байланысты барлық операциялар мен жағдайларды қамтиды.";

      11) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пайдаланылып болған ядролық отынды және радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз орналастыру олардың түзілуіне алып келетін қызметтің кез келген түрінің міндетті кезеңі ретінде жобалау және пайдалану құжаттамасында көзделуге тиіс.";

      12) 21-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал уәкілетті орган айқындаған тәртіппен біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау тұрғысынан аттестаттаудан өтеді.";

      3-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтарды ядролық, радиациялық қауіпсіздігін бақылау, есепке алу және бақылау, ядролық қондырғы мен ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету лауазымдық міндеттеріне кіретін ядролық қондырғы персоналын.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзге персоналды атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына сәйкес аттестаттайды.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қайта аттестаттау.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Персоналды бастапқы аттестаттау жұмыскер лауазымға тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі. Мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі. Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:

      1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде оқыс оқиғалар туындағанда - олардың туындауына жол берген адамдарға қатысты;

      2) уәкілетті органның тексерулері нәтижесінде анықталған, ядролық және (немесе) радиациялық және (немесе) ядролык физикалық қауіпсіздік талаптары, ядролык материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу талаптары бұзылғанда - бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты;

      3) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.

      Қайта аттестаттау бастапқы немесе мерзімді немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша теріс нәтиже алған жағдайда тағайындалады.

      6. Егер жұмыскер бастапқы немесе мерзімді немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алса, жұмыскер Қазакстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қайта аттестаттау нәтижелерін алғанға дейін жұмыстан шеттетіледі.

      Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскердің атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес еместігі туралы теріс қорытынды алған жұмыскермен еңбек шарты Казақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатылады.";

      13) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамалары. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу";

      14) 24-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік немесе ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамалары";

      1.2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық      қауіпсіздік сараптамалары ядролық қондырғылардың, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық қондырғылардың, көліктік қаптама комплектілерінің қауіпсіздігін олар ықтимал қауіп төндіруі мүмкін бүкіл уақыт кезеңіне тәуелсіз бағалауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      2. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздіктің және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздіктің сараптамалары ядролык, радиациялык және ядролык физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ядролық және радиациялық қондырғылардың жүйелерінде, жабдықтарында, жобалау және технологиялық құжаттамасында өзгерістер болған кезде қайта жүргізіледі.

      Пайдаланушы ұйым немесе жеке тұлға ядролық және радиациялық қондырғылардың жобалық және технологиялық құжаттамасын бере отырып, жоспарланған өзгерістер туралы уәкілетті органға және ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын бұрын жүргізген сараптама ұйымына бір уақытта жазбаша түрде хабарлайды.

      3. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын осы қызмет түрін жүзеге асыруға уәкілетті органда аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Бұл ретте атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғамен немесе пайдаланушы ұйымның лауазымды адамдарымен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста тұрған адам, сондай-ақ атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғамен, пайдаланушы ұйыммен еңбек қатынастарында немесе өзге де шарттық қатынастарда тұрған жеке тұлғалар сарапшы бола алмайды.

      4. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларына құжаттарды пайдаланушы ұйым немесе атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлға ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын қаржыландыру пайдаланушы ұйымның немесе атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      15) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларының объектілері

      Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларына:

      1) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық кондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы;

      2) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық қондырғыларды жобалау және пайдалану құжаттамасы;

      3) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық қондырғыларды техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасы;

      4) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасы жатады.";

      16) 26-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ядролық қауілсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымның:

      1) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;

      2) аккредиттеудің тиісті саласындағы жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті персоналы;

      3) мәлімделген жұмыс түрлерін орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдары және (немесе) есеп-қисап әдістемелері болуға тиіс.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді.";

      8-тармақ алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады