"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 958 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-1, 100-құжат; № 19-11, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-1, 143-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-1, 49-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      509-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "509-бап. Сыйға тартуға тыйым салу

      1. Құны заң актілерінде белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда:

      1) жас балалар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкілдерінің;

      2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерінің, әлеуметтік қорғау мекемелерінің және сол секілді мекемелердің қызметкерлеріне олардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының сыйға тартуына жол берілмейді.

      2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге және өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе аталған адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, сыйлықтарды сыйға тартуға жол берілмейді.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-1, 13-11, 83-құжат; № 21-1, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-1, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91 -құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      3-баптың 28) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам; сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген, көрсетілген ұйымдардағы дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазым атқаратын адам; мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазым атқаратын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері; қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері;".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 676-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға не оларға теңестірілген адамдарға не лауазымды адамдарға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса -

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 677-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "677-бап. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы

      Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның, не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса -

      алғы жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 678-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға не оларға теңестірілген адамдарға не лауазымды адамдарға, не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса -

      жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 786-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 30) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайтын осындай әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері;";

      5) 804-баптың бірінші бөлігінің 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (154, 173, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптар);".

      4. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):

      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, экономикалық тергеп-тексеру қызметінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.".

      5. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № І4, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-1, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат):

      17-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.".

      6. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-1, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-1, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат;      № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Републикасының Заңы):

      1) 210-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызметшілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыйлықтар қабылдау бойынша өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтар;";

      2) 211-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызметшілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыйлықтар қабылдау бойынша өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды;";

      3) 215-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және өткізгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.";

      4) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыйлықтар қабылдау бойынша өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдар алған сыйлықтар және олардың отбасы мүшелерінің сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе аталған адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің рұқсатынсыз келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін берілген сыйлықтарды қоспағанда, аталған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар мемлекетке сыйлық болып саналады және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда алынған күнінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.

      2. Сыйлықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.

      3. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құүқылы.

      4. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.".

      7. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):

      1) 19-баптың 1-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;";

      2) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылықтары (бұдан әрі - теріс қылық) - қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен орындамағаны немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіпті, қызметтік этика қағидаларын бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді сақтамауы.".

      8. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж , № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135 құжат; № 23-11, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 47-құжат):

      8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңілілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;".

      9. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІІ, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-1, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам - жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешім қабылдауға уәкілеттік берілген адам, оның ішінде көрсетілген ұйымдардағы дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазым көрсетілген ұйымдарда мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және іске асыру үшін дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазым атқаратын жауапты тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп тексеруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;";

      2) 12-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе аталған адамдардың лауазымдық жағдайына байланысты болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына сыйақылар, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер үшін материалдық сыйақы қабылдау осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін;";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамның отбасы мүшелері, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы баптың 1-тармағында аталған адамның немесе көрсетілген адамның өзінің лауазымдық жағдайына байланысты қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның іс- әрекеті (әрекетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер ұсынған адамдардың пайдасына материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы емес.

      Ескертпе: осы Заңда осы баптың 1-тармағында керсетілген адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-анасы, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.

      6. Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген тұлғалардың және (немесе) олардың отбасы мүшелерінің шотына түскен ақша, сондай-ақ осы адамдар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат, олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспай, мұндай қаражаттардың түсу мән-жайлары туралы тиісті мемлекеттік кірістер органына түсіндірме бере отырып, республикалық бюджетке аударылады.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелерін хабардар етпей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлық алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге тиіс, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер қызмет көрсетілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы төленуі тиіс.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға сыйлық берген тұлға жоғары тұрған лауазымды тұлғаны хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған қүн бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшалар республикалық бюджетке аударылады.";

      3) 14-бапта:

      l-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазым атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп - жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары түсініледі.";

      4) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құруға құқылы.";

      5) 19-бап алып тасталсын;

      6) 21-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз өкілеттіктері шегінде:";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.";

      7) 24-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты бар адам жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не қызметкері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлайды.

      2. Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.";

      8) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тапсырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) олар жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;";

      2) 13-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.";

      3) 50-бапта:

      1-тармақтың 17) тармақшасының екінші мен үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшіні хабардар етпей келіп түскен, сондай-ақ осы тармақшаның бірінші абзацын бұза отырып, тиісті функцияларды орындауына байланысты алған сыйлықтар оларды алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге тиіс, ал нақ сондай жағдайларда мемлекеттік қызметшіге көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.

      Сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған қүн бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде оларды сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері осы адамның қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары есебінен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметші оның отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды оны алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге және қызмет көрсетілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы оның отбасы мүшелері заңсыз пайдаланған қызметтердің құнын өтеуге міндетті.";

      4) 52-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе), өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады