"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 978 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-1, 18-11, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-1, 101-құжат; № 19-11, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-1, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-1, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-1, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-1, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-1, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнындағы 667-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау";

      2) 667-бапта:

      тақырып "әскери полиция органы" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлік "әскери полиция органы" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік фельдъегерлік қызмет" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-1, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8,16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 2-бапта:

      7-1) тармақша мынадай редакдияда жазылсын:

      "7-1) жеке арнайы шот - арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шот;";

      44-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-3) тұрғын үй төлемдерін алушылар - тұрғын үй төлемдерін алатын арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер;";

      2) 13-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеудің ерекшеліктері";

      3) 101-3-бапта:

      тақырып "Арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнаулы мемлекеттік органдардың (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда), ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери кызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда), егер:

      1) олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады, бұл ретте тұрғынжайға елу пайыздан аз үлестің болуы есепке алынбайды;

      2) олардың осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануындағы тұрғынжайы болмаса;

      3) олар тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

      4) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.";

      екінші және үшінші бөліктер "арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер орган қызметкері немесе әскери қызметші жұбайының (зайыбының) некеге тұрғанға дейін осы елді мекенде тұрғынжайы болған жағдайда, арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының қызметкері немесе әскери қызметші жұбайы (зайыбы) есепке алынбай тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.";

      2-тармақ "арнаулы мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 101-4-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұрын тұрғын үй төлемдері тағайындалған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне:

      1) тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санатына жататын лауазымға қайта тағайындалған жағдайда осы Заңның 101-11-бабына сәйкес кейіннен сатып алатын жалдау сомасын өтеуге немесе алғаш рет ресімделген ипотекалық кредиттеуге пайдаланылған жағдайда - көрсетілген лауазымға тағайындалған күннен бастап;

      2) қарамағына жіберілгенге дейін ішкі істер органдары жүйесінде тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылған, қарамағында болғаннан кейін тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санатына жататын лауазымдарға қайта тағайындалған жағдайда - қарамағына жіберілген күннен бастап қайта басталады. Қарамағында болу мерзімі заңнамада белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.

      Тағайындалған тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы қызметкерінің жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде, оның ішінде тиісті органның қарамағына жібере отырып сақталады.";

      2-тармақта:

      1) тармақша "арнаулы мемлекеттік органнан" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органынан" деген сөздермен, 2), 3) және 4) тармақшалар "арнаулы мемлекеттік органның" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "бас тартқан жағдайларда тоқтатылады." деген сөздер "бас тартқан;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ішкі істер органдарының қызметкері тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санатына жататын лауазымнан босатылған жағдайларда тоқтатылады.";

      5) 101-6-бапта:

      1) тармақша "арнаулы мемлекеттік органнан" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша "арнаулы мемлекеттік органның" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органының" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 101-7-бапта:

      1) және 2) тармақшалар "арнаулы мемлекеттік органды" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесі, әскери қызметші, ішкі істер органы ішкі істер органының қызметкерімен және арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы қызметкерінің немесе әскери қызметшінің жеке арнайы шоты ашылған екінші деңгейдегі банк арасында жасалатын шартқа сәйкес оларды осы Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жұмсауға міндетті.";

      7) 101-9-бапта:

      тақырып "арнаулы мемлекеттік органдар" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "Арнаулы мемлекеттік орган" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 101-10-бапта:

      тақырып "Арнаулы мемлекеттік органдар" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөлік "арнаулы мемлекеттік органдар" деген сөздерден кейін ", ішкі істер органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) мынадай мазмұндағы 101-11-баппен толықтырылсын:

      "101-11-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы

      1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Осы баптың 7 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органдары қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органдары қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі.

      Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.

      3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

      4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады.

      5. Жатақханамен қамтамасыз етілген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

      6. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды.

      7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады.

      8. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.".

      3. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1,4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-1, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-1, 65-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-қүжат; № 24, 124, құжаттар; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 2-бапта:

      6) тармақшада "фельдъегерлік қызмет және" деген сөздер алып тасталсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      40-2) тармақша алып тасталсын;

      69) тармақша алып тасталсын;

      2) 7-бапта:

      11) тармақша алып тасталсын;

      3) 22 және 22-1-баптар алып тасталсын;

      4) 30-бапта:

      1-тармақта:

      "Фельдъегерлік және" деген сөздер алып тасталсын;

      "қызметтеріне" деген сөз "қызметіне" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "фельдъегерлік қызмет және" деген сөздер, 3) тармақшасындағы "фельдьегерлік қызметтің және" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақта "Фельдъегерлік қызметтің және" деген сөздер алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-1, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй қатынастары турапы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес айқындалған тұрғын үйге мұқтаж ішкі істер органдарының қызметкері және оның отбасы мүшелері қызмет өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғын үй берудің орнына бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде тұрғын үй төлемдері төленеді.

      Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады