Bek Air авиакомпаниясы ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 986 қаулысы

      2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайы ауданында Bek Air авиакомпаниясы ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Алматы қаласының әуежайы ауданында Foker 100 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, ұшақтың құлау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз етсін, қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Комиссия басшысының орынбасары Р.В. Скляр ұшақтың құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру нәтижелері және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 986 қаулысына
қосымша

Алматы қаласының әуежайы ауданында Foker 100 ұшағының құлауы салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, басшы

Скляр
Роман Васильевич
 
 

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшының орынбасары

Атамқұлов
Бейбіт Бәкірұлы
 

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Дембаев
Болат Бекназарұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша)

Ильин
Юрий Викторович
 

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Жақыпов
Рашид Тауфикұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Надыров
Камалжан Талғатұлы
 

-

Қазақстан Республикасы деңсаулық сақтау вице-министрі

Байжұманов
Батыржан Құлаймергенұлы
 

-

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Қожағапанов
Ерлан Тоқтарханұлы

-

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары
 
 

Ластаев
Талғат Тілеубекұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы
 

Нұрғалиев
Ербол Жолдасбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы
 

Жұмасұлтанов
Нұрлан Тілеубайұлы

-

"Bek Air" авиакомпаниясы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады