Объектіні ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 998 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шамалған станциясының теміржол өткелінде жол өтпесі орнатылатын "Орталық – Оңтүстік" дәлізінің "Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 7 километр (2453 км – 2446 км) учаскесі" объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады