"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1019 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:

      9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғалар аккредиттеу алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) рейтингтік парақ;

      3) ұйым жарғысының нотариат растаған көшірмесі, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) соңғы 5 жыл ішіндегі рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

      Егер субъект қызметінің кезеңі 5 жылдан аспаса, онда қызметінің бүкіл кезеңіндегі растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

      10. Жеке тұлғалар аккредиттеу алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мыналардың: жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады);

      3) соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.

      11. Осы Қағиданың 9, 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді:

      1) заңды тұлғаларға күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзім ішінде қабылдайды.

      Бұл ретте заңды тұлғалардың қызметін бағалау уәкілетті орган бекітетін қызметті бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі;

      2) жеке тұлғаларға күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзім ішінде қабылдайды.

      Жеке тұлғалар аккредиттелген жағдайда уәкілетті орган олардың деректерін осы тармақшада көрсетілген мерзімде аккредиттелген тұлғалардың тізбесіне енгізеді.

      12. Аккредиттеуге өтініш қабылдаудан мына жағдайларда бас тартылады:

      1) осы Қағиданың 9 немесе 10-тармақтарына сәйкес талап етілген барлық құжаттар ұсынылмаса;

      2) ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе толық емес мәліметтер болса, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен болса.

      Аккредиттеуден мына жағдайда бас тартылады:

      1) уәкілетті орган бекітетін қызметті бағалау әдістемесіне сәйкес берілетін субъектінің рейтингтік парағының әр блогы бойынша ең төменгі (шекті) мәнінен төмен балл алғанда.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, аккредиттелген субъектілер уәкілетті органға жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгергенін растайтын құжаттармен қоса аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап жеке тұлғаларға күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, заңды тұлғаларға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.

      Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылды деп танылады және уәкілетті орган аккредиттелген субъектілердің деректер базасына тиісті ақпаратты енгізеді.

      16. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша күнтізбелік он күнге дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.";

      көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1019 қаулысына
1-қосымша
  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу
қағидасына
1-қосымша

Субъектінің рейтингтік парағы (заңды тұлғалар үшін)

      Субъектінің атауы: ________________________________________

      Заңды мекенжайы, телефон, факс: ___________________________

      Құрылған жылы: _________________________________________

      Интернет-ресурс/e-mail: ___________________________________

Р/с №

Көрсеткіштердің мазмұны

Өлшем бірліктері

Көрсеткіштің нақты мәні

1

2

3

4

1

1-блок. Ұйым туралы мәліметтер



 
1

Алғаш мемлекеттік тіркелген күні:



- 1 жылға дейін

0/1


-1– 5 жыл аралығында

0/1


- 5 және одан көп жыл

0/1


 
2

Меншік нысаны:



- мемлекеттік

0/1


- жеке

0/1



1-блок бойынша жиыны:




2-блок. ҒЗЖ қаржыландыру



 
3

ҒЗЖ қаржыландырудың жалпы көлемі:



- 5000 АЕК-ке дейін

0/1


5000 – 25000 АЕК

0/1


25000 АЕК-тен жоғары

0/1


 
4

Көздер бөлінісінде ҒЗЖ қаржыландыру:



- мемлекеттік бюджет:



ГҚ

0/1


1

2

3

4


БНҚ

0/1


ҒТҚН коммерцияландыруға арналған гранттар

0/1


- даму институттарының гранттары, жергілікті бюджет

0/1


- меншікті қаражат

0/1


- өзге де көздер, оның ішінде шетелдік

0/1


2-блок бойынша жиыны:




3-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет



 
5

Орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар:



- нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (БНҚ)

бірл.


- гранттық қаржыландыру жобалары (ГҚ)

бірл.


- ҒТҚН коммерцияландыру жобалары (ГҚ)

бірл.


- халықаралық ұйымдар мен қорлар қаржыландыратын ҒТҚН коммерцияландыру жобалары

бірл.


- үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар

бірл.


- бизнес қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар

бірл.



3-блок бойынша жиыны:




4-блок. Ғылыми әлеует және кадрларды даярлау



6
6

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған жұмыскерлер саны, барлығы (зерттеуші мамандар, инженер-техник жұмыскерлер):

адам


 
7

Ғылыми дәрежелері/дәрежесі бар қызметкерлер саны:

адам


- ғылым докторы

адам


- ғылым кандидаты

адам


- философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор

адам


- магистр

адам


 
1

Кадрлар даярлау:



2

3

4

8

- докторанттарды PhD басқару (докторанттардың саны)

адам



- ғылыми ұйым ғалымдарының басшылығымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертациялардың саны

бірл.


 
9

Диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысу:



- Төраға

адам


- Кеңес мүшесі

адам


 
10

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны:



- халықаралық деңгейде

адам


- республикалық деңгейде

адам


 
11

Марапаттар, сыйлықтар:



- халықаралық деңгейдегі (сыйлықтар, марапаттар)

адам


- ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлық, атаулы ғылыми сыйлықтар

адам


- мемлекеттік ғылыми стипендиялар, жас ғалымдарға стипендиялар/өзге де стипендиялар

адам



4-блок бойынша жиыны:




5-блок. ҒЗЖ-ның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі



 
12

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны:



- 100 АЕК-тен кем

0/1


- 100 –1000 АЕК

0/1


- 1000 АЕК-тен жоғары

0/1


 
13

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған зертханалар және үй-жайлар саны:



- зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы

бірл.


- сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы:

бірл.


- халықаралық деңгейде

бірл.


- республикалық деңгейде

бірл.



5-блок бойынша жиыны:



1

2

3

4


6-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері



 
14

Зияткерлік меншік объектілері:



- Қорғау құжаттары

бірл.


- Авторлық құқық

бірл.


- Халықаралық патент, Лицензиялық келісімдер

бірл.


 
15

Соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми жұмыстардың саны:



- Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core Collection деректер базасында индекстелетін журналдарда (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) мақала

бірл.


- РҒДИ индекстелетін ғылыми журналдарда және басқа да нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық базаларда

бірл.


- ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми басылымдарда

бірл.


- конференциялардың, форумдардың, съездердің, симпозиумдердің, конгрестердің материалдарында

бірл.


 
16

Баспа қызметі



- ғылыми журналдар

бірл.


- монографиялар, оқулықтар

бірл.


- құралдар, әдістемелік құжаттар.

бірл.


 
17
1

Таяу және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықта іске асырылған бағдарламалар, жобалар, инновациялық гранттар, ғылыми



2

3

4


жетістіктерді енгізу:



- шетелдік ұйыммен

бірл.


- республикалық ұйыммен

бірл


 
18

Көрмелерге қатысу:



- халықаралық деңгей

бірл.


- республикалық, өңірлік деңгей

бірл.



6-блок бойынша жиыны:




7-блок. Сараптамалық-талдау, қоғамдық қызмет, БАҚ



 
19

Жұмыс топтарының құрамына қатысу, заң жобаларына, нормативтік құқықтық актілерге, бағдарламаларға ұсыныстар әзірлеу және оларды сараптау

бірл.


 
20

Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жобаларды, ҒЗЖ есептерін, диссертацияларды, журналдардың редакциялық алқалары құрамындағы ғылыми жарияланымдарды сараптауға қатысу

бірл.


 
21

Халықаралық және республикалық деңгейдегі съездер, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар жұмысына қатысу:



- модератор

бірл.


- ұйымдастыру комитетінің мүшесі

бірл.


- баяндамашы

бірл.


 
22

Теледидар, радиоларда сөз сөйлеу, республикалық және жергілікті журналдарда, газеттерде және электрондық басылымдардағы жарияланымдар саны

бірл.



7-блок бойынша жиыны:




Барлығы:



      Субъектінің рейтингін айқындау үшін жоғарыда келтірілген деректердің дұрыстығын растаймын Басшы ___________ __________________________ қолы Т.А.Ә. (бар болса)

      Ескертуге: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * АЕК – айлық есептік көрсеткіш * ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы

      * ГҚ – гранттық қаржыландыру

      * БНҚ – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

      * РҒДИ – Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі

      * ҒТҚН – коммерцияландыру-ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері

      * ҚР БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

      * БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1019 қаулысына
2-қосымша
  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу
қағидасына
2-қосымша
  кімге ________________________
  кімнен
  _______________________
  (субъектінің толық атауы)

      Өтініш(заңды тұлғалар үшін)

      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде _______________________________________ аккредиттеуді өткізуді сұраймын.

      (заңды тұлғаның атауы (бар болса)

      Қосымша:

Р/с №

Құжаттың атауы

Бар-жоғы туралы белгі

1

2

3

1.

Субъектінің рейтингтік парағы.


2.

Ұйым жарғысының нотариат растаған көшірмесі, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама


3.

Рейтингтік парақта көрсетілетін құжаттардың көшірмелері, мәліметтер


      20____ ж. "_____" "_________" Басшы _______________ _____________

      ____________________________ (Мөр орны) (Қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1019 қаулысына
3-қосымша
  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу
қағидасына
3-қосымша
  Кімге
  _________________________
  Кімнен
  _______________________
  (Т.А.Ә.)_________________
  (тел./эл. мекенжай)

      Өтініш (жеке тұлғалар үшін)

      _____________________________________________________ ғылыми және

      (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)) (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.

      Қосымша:

Р/с №

Құжаттың атауы

Бар-жоғы туралы белгі

1

2

3

1.

Мыналардың: жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады);


2.

Соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.


      20____ ж. "____" "_________" ___________________

      ___________________ ( (Қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1019 қаулысына
4-қосымша
  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу
қағидасына
4-қосымша

Субъектіні аккредиттеу туралы куәлік

Нұр-Сұлтан қ.

"___" "__________" 20__ ж.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысу үшін беріледі.

      Уәкілетті орган М. О. Сериясы _______ № _____

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады