"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1021 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы 2019 жылғы 1 қазанда Ереванда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы XATTAMА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әрбір мүше мемлекет үшін кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері мынадай мөлшерде белгіленеді:

      Армения Республикасы - 1,220 пайыз;

      Беларусь Республикасы - 4,860 пайыз;

      Қазақстан Республикасы - 6,955 пайыз;

      Қырғыз Республикасы - 1,900 пайыз;

      Ресей Федерациясы - 85,065 пайыз.";

      40-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы күн сайын, жергілікті уакытпен ағымдағы күнгі сағат 16-дан кешіктірмей (Армения Республикасы үшін - Ереван қаласының уақытымен, Беларусь Республикасы үшін - Минск қаласының уақытымен, Қазакстан Республикасы үшін - Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен, Қырғыз Республикасы үшін - Бішкек қаласының уакытымен, Ресей Федерациясы үшін - Мәскеу қаласының уақытымен), басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына есепті күнгі мынадай ақпаратты жібереді:";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының осы Хаттаманың ережелерін сақтауын жыл сайын тексереді.".

2-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 8-бабы 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3-бап

      Осы Хаттаманы мүше мемлекеттер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап уакытша қолданады, ал заңнамасында халықаралық шарттарды уақытша колдану мүмкіндігі көзделмейтін мүше мемлекет үшін осы Хаттама мұндай мүше мемлекет осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындаған күннен бастап, бірақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін қолланылады.

      Осымен, аталған мәтіннің 2019 жылғы 1 қазанда Ереван қаласында, мыналар:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A. Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Токаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш. Жээнбеков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B. В. Путин

      қол койған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманың толық және тең түпнұсқалы болып табылатынын растаймын.


      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

  Барлығы көшірменің
3 парағы тігілген, қол
қоюмен және мөрмен
бекітілген

      Еуразиялық экономикалық комиссияның
Кұқық департаментінің
директоры
В.И. Тараскин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады