"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1031 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi – тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.

      Тізімдеу актісі бірдей және (немесе) біртекті мүлік бойынша мәліметтерді қамтиды, мүліктің атауы, сандық және сапалық көрсеткіштері, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі.

      Бірдей мүлікке өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары бірдей мүлік жатады.

      Егер қалған жағынан бұл мүлік осы тармақтың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түріндегі болмашы алшақтықтар мүлікті бірдей деп танымауға негіз болып табылмайды.

      Біртекті мүлікке сипаттамалары бірдей болмаса да, ұқсас немесе бірдей функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын мүлік жатады.

      Бірдей немесе біртекті мүлікке мынадай мүлік жатқызылмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.

      Бір тiзiмдеу актiсiнде қамтылатын берілетін мүліктің атауы бесеуден аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) мүлікті есепке алуды уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар оны нақты қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады.

      Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, мүлікті беру күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Мүлік бір тізімдеу актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары әр ұйымға жеке ашылады.

      Түгендеу карточкасының нөмірі тізімдеу актісінің нөмірінен (мүлік бірнеше ұйымға берілген жағдайда, реттік нөмірден) бөлшек белгісі арқылы бүтін цифрларды қосу жолымен қалыптастырылады.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.";

      25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, не лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жоғарыда көрсетілген адамдарға жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi мемлекеттік қызметші қызмет бабында байланысты болатын шетелдік, сол сияқты Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алған сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша тапсырылады.";

      26-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырылған сыйлықты беру "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құнын толық төлегеннен кейін, уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.";

      29-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлікті өтеусіз алуға өтінімдерді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғаларға басымдық беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1031 қаулысына
қосымша
  Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне
айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу,
сақтау, бағалау және одан әрi
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі

20__ жылғы "___" ___________
(жасалған күнi)

___________________
(акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ өкiлi

      (жауапты жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________сот орындаушысы

      (әділет органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыскердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________өкiлі

      (мүлікті беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________ өкiлі

      (мүлiк уақытша жауапты сақтауындағы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________өкiлі

      (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________

      _______________________________________________________бағалаушысы

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының негiзiнде иеленуші

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) тиесілі, төмендегі мүлікті:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) сот актілерінің негізінде тіркелген (оның ішінде заттай дәлелдемелер)

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________________немесе иесіз деп таныған

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) немесе

      ____________________________________________________________________

      _______________________________мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлікті

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі), оның iшiнде

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік декларацияға сәйкес "мемлекет пайдасына бас тарту" кедендік рәсімімен орналастырылған

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi) немесе нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) сондай-ақ құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекет меншiгі құқығының туындағанын куәландыратын басқа да құжаттардың негiзінде өзге де мүлiкті тізімдеуді және қабылдауды жүргізді

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мүлiктi тiзімдеу және бағалау


Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

Есепке қабылдау үшін негіз болып табылатын құжатта көрсетілген

Қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша нақтысы

1

2

3

4

5

6

7









Жиыны






      Жиыны (жазумен):

      ____________________________________________________________________

      Бюджетке аударуға жататын жиыны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы акт ____ данада жасалды. Комиссия мүшелерi: ___________

      _________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________

      _________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______ жылғы "___" ___________

      Иеленушінiң қолы____________ Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылғаны, жасырылғаны, жоғалғаны, ауыстырылғаны немесе бүлiнгенi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. _______ жылғы "___" ___________ ___________ (қолы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      * Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады