Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1049 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі
      Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясының шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 6000000000 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде "КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Газпром" жария акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – "GAZPROM Schweiz AG" арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы мынадай бағалар бойынша:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымды қоса алған кезеңде 1209091445 текше метр көлемде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3932 Ресей рублі;

      2) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде 1790908555 текше метрге дейінгі көлемде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3987 Ресей рублі;

      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алған кезеңде 1252807506 текше метр көлемде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3 932 Ресей рублі;

      4) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 31 желтоқсанды қоса алған кезеңде 1747192494 текше метрге дейінгі көлемде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 127 АҚШ доллары болып белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады