"Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 30 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 782 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

      2) уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, сондай-ақ уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды (тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

      4) уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын) мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ішкі көшіп-қонушыларды (он төрт жасқа толған) тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды (тіркеуді) мыналар жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасының азаматтарын – жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;

      халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды – жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.

      Ішкі көшіп-қонушыны тіркеу орны оның заңды мекенжайы болып табылады.

      Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.

      Он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi болып олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi танылады.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ішкі көшіп-қонушының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет ішінде қоныс аударатын, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұрғылықты жерге не уақытша тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тіркелуге жататын ішкі көшіп-қонушылар, республикадан тыс жерлерден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне, уақытша болатын (тұратын) жеріне келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (16 жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік);

      2) тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның (тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның қатысуы қажет) жеке басын куәландыратын құжат және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланатын ғимараттарда және үй-жайларда тіркеген кезде – ұйым (мекеме) әкімшілігінің тіркеу туралы қолдаухаты) өтініш білдірген адамды тұрақты не уақытша тіркеуге тұрғын үй иесінің не сенім білдірілген адамның жазбаша келісімі.

      Тұрғын үй иесін өзіне тиесілі тұрғын үйге тіркеу кезінде оның тіркелуге келісімі ұсынылмайды.

      Республикадан тыс жерлерден тұрақты тұрғылықты жерге келген Қазақстан Республикасының азаматтары паспортын (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта паспортын жоғалтқан не қолданылу мерзімі өткен жағдайда – қайтып оралуға арналған куәлік), бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжатты не бұрын тұрған елінің құзыретті органы берген азаматтығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады.

      Бұрын тұрған елінен есептен шыққанын растайтын құжаты, азаматтығы жоқтығы туралы анықтама болмаған кезде, азамат бұрын тұрған елінен көрсетілген құжаттардың бірі сұратылған (алынған) кезеңге уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тіркелген және тіркеуден шығарылған ішкі көшіп-қонушыларды есепке алуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" және "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйелеріне мәліметтерді енгізу және оларды "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына беру арқылы жүзеге асырылады.

      Ішкі көшіп-қонушыларды жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) кезінде ақпараттық жүйеде бұрынғы мекенжайы бойынша тіркеуден алу бір мезгілде жүзеге асырылады.

      Иелерінің қайтыс болуына байланысты олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының жарамсыздар санатына көшірілген не азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан ақпарат келіп түскен күн көрсетілген ақпараттық жүйелерде қайтыс болғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару күні болып табылады.

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына енгізілген және "электрондық үкімет" веб-порталына берілетін мекенжай туралы мәліметтер жеке тұлғаны тұрғылықты жері бойынша тіркеу мекенжайын немесе тұрғылықты жері, уақытша болатын (тұратын) жерi бойынша тіркеуден шығаруды, уақытша болатын (тұратын) жерi бойынша, сондай-ақ бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді есепке алуды (тіркеуді) растау болып табылады.

      "Электрондық үкімет" порталы арқылы:

      жеке тұлғалар – өзінің тіркелген мекенжайы туралы;

      тұрғын үй иелері – бір мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мәліметтерді алады.

      Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекаралас аумағының тұрғындары Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жағдайда ішкі көшіп-қонушының тіркеу мекенжайын растайтын құжат Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі тәртібі туралы келісімге 3-қосымшаға сәйкес шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтер болып табылады.

      Шекара маңы аумағындағы тұрғындарға тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шекара маңы аумағындағы елді мекенде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтердің тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару үшін бланкілердiң нысандарын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi және береді.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) уақытша тіркеу болып табылады. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу тұрақты тіркеу болып табылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады