ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасы есепті айда қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,47 пайызынан асырмай белгіленсін.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |