Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруды және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруды және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды тоқтата тұру туралы"
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 16 наурызда сағат 08.00-ден 15 сәуірде сағат 07.00-ге дейін:
1) әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығаруды;
2) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мелекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақыруды тоқтата тұрсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мелекеттік күзет қызметі заңда белгіленген мерзімнен артық қызмет өткергені үшін мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастарсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |