Отандық өндірістің тұрғындар үшін қолжетімді көлік құралдарының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 148 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағында отандық дайындаушы-зауыт шығаратын Chevrolet Damas (Labo) маркалы M1 және N1 санатты көлік құралдары (бұдан әрі – көлік құралдары) типті мақұлдау нысанында сәйкестікті бағалаудан өтіп, көрсетілген көлік құралдарын дайындаушы кейіннен көлік құралының типін мақұлдауды алады. Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) 2-қосымшада көзделген талаптарға қатысты дәлелдемелік материалдар ретінде осы қаулыға қосымшаға сәйкес көлік құралдарының сәйкестігін растау мақсатында дайындаушы-зауыттың өз сынақтары негізінде ресімделген 3д, 4д, 6д немесе 7д схемалары бойынша сәйкестік туралы декларациялар ұсынылады.

      2. Көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналысқа шығарылуға, өткізілуге және мемлекеттік тіркелуге тиіс және такси мен қоғамдық көлік ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

      3. Көлік құралының типін мақұлдаудың "Қосымша ақпарат" деген жолында мынадай жазу келтіріледі: "Осы көлік құралының типін мақұлдау Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылады".

      Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің "ерекше белгілер" деген бағанында мынадай жазу келтіріледі: "Көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналысқа шығарылуға, өткізілуге және мемлекеттік тіркелуге тиіс және такси мен қоғамдық көлік ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2020 жылғы 27 наурыздағы
  № 148 қаулысына
қосымша

Типті мақұлдау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу мақсатында Chevrolet Damas (Labo) маркалы M1 және N1 санатты көлік құралдарын отандық дайындаушы-зауыт растайтын қауіпсіздік талаптарының тізбесі

      1. Реконструкцияның шығыңқы бөлшектері, КО ТР 018/2011 11-тармағы.

      2. Ауа баптағыштар мен тоңазытқыш жабдық, КО ТР 018/201112-тармағы.

      3. Спутниктік навигация аппаратурасымен жарақтандыру мүмкіндігі,КО ТР 018/2011 13-тармағы.

      4. Интерфейс, КО ТР 018/2011 15-тармағы.

      5. Артқы тіркелу белгісіне жарық түсіру құрылғысы, БҰҰ № 4-00 қағидалары.

      6. Тежегіш жүйелерінің тиімділігі, БҰҰ № 13Н-00 қағидалары.

      7. Сыртқы шығыңқы жерлердің жарақат қауіпсіздігі, БҰҰ № 26-03 қағидалары.

      8. Дыбыспен сигнал беруші аспаптармен жарақтандырылуы, БҰҰ № 28-00 қағидалары.

      9. Басқару педальдарының орналасуы, БҰҰ № 35-00 қағидалары.

      10. Жылдамдықты өлшейтін механизмдер, БҰҰ № 39-00 қағидалары.

      11. Қауіпсіз шынылармен жарақтандырылуы, БҰҰ № 43-01 қағидалары.

      12. Жанама шолу құралдарымен жарақтандырылуы, БҰҰ № 46-04 қағидалары.

      13. Жарықтандыру және жарық сигнализациясы құрылғыларымен жарақтандырылуы, БҰҰ № 48-04 қағидалары.

      14. Сыртқы шу, БҰҰ № 51-03 қағидалары.

      15. Рульмен басқару, БҰҰ № 79-01 қағидалары.

      16. Көлік құралдарының басқару органдары – сәйкестендіру, БҰҰ № 121-00 қағидалары.

      17. Жылыту жүйелері, БҰҰ № 122-00 қағидалары.

      18. Алдыңғы шолу, БҰҰ № 125-01 қағидалары.

      19. Ішкі шу, КО ТР 018/2011 № 3 қосымшаның 2-тармағы.

      20. Көлік құралының ішіндегі ауада зиянды (ластаушы) заттардың болуы, КО ТР 018/2011 № 3 қосымшаның 3-тармағы.

      21. Желдету, жылыту және ауаны баптау, КО ТР 018/2011 № 3 қосымшасының 6-тармағы.

      22. Дөңгелек астынан шығатын шашыраудан қорғау, КО ТР 018/2011 № 3 қосымшаның 10-тармағы.

      23. Көлік құралдарына қатысты қолданылатын салмақтық шектеулер, КО ТР 018/2011 № 3 қосымшаның 14-тармағы.

      24. Таңбалау және сәйкестендіру мүмкіндігі, КО ТР 018/2011 № 7 қосымша.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады