Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 149 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

      2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

      1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын;

      2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2020 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары

      1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:

      1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2020 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

      2) "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында 008 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8616564000 (сегіз миллиард алты жүз он алты миллион бес жүз алпыс төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жылдық 0,1 %-тік сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 (жеті) жыл мерзімге беріледі;

      3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспауға тиіс;

      4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2020 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады