"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 157 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1) стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптауыштарды және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптарды белгілейді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;";

      41) тармақша алып тасталсын;

      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын әзірлейді және бекітеді;";

      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондарын ұйымдастырады;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) базалық жобалау құжаттарының және әзірлеу талдауларының мемлекеттік сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады;";

      79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "79) жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді;";

      83) тармақша алып тасталсын;

      91) тармақша алып тасталсын;

      126) тармақша алып тасталсын;

      139) және 140) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "139) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;

      140) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланып отырған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 140-1) және 140-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "140-1) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен жыл сайын 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде бекіте отырып, оны пайдалануға енгізілген күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi;

      140-2) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi;";

      185) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "185) тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын бекітеді және өзгерістер енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 189-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "189-1) жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;";

      191) тармақша алып тасталсын;

      420) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "420) электрондық нысанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып аукцион өткізу тәртібін айқындайды;";

      444), 445) және 446) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 460-1), 460-2), 460-3), 460-4), 460-5), 460-6), 460-7), 460-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "460-1) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар операторын айқындайды;

      460-2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттарды бекітеді;

      460-3) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тәуелсіз сараптама операторының базалық жобалау құжаттары мен әзірлеуді талдауларының тәуелсіз сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізуге арналған шығындарын айқындау қағидаларын бекітеді;

      460-4) базалық жобалау құжаттарының және әзірлеуді талдауларының тәуелсіз сараптамасын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеу жөніндегі талаптарды бекітеді;

      460-5) электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      460-6) электр станцияларының тізбесін бекітеді;

      460-7) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      460-8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 461-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "461-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;";

      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "41-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      42) тармақша алып тасталсын;

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады;";

      50) тармақша алып тасталсын;

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "56-1) радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн талдайды және бекiтедi;";

      99) тармақша алып тасталсын;

      3, 4 және 5-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      4-тарау. Министрліктің мүлкі

      5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады