"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 222 қаулысына қосымша |
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге республикалық меншіктен берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
Р/с № |
Мүліктің атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны, дана |
Түгендеу нөмірі |
Пайдалануға берілген күні (ай, жыл) |
Орналасқан |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | Бағдарламалық қамтылыммен жиынтықта HP GR 742 EA Compag 6820 компьютері | дана | 1 | 236006000036 | 30.12.2008 | Нұр-Сұлтан қ. |
2 | Штативі бар фотоаппарат | дана | 1 | 236006000037 | 30.12.2008 | Нұр-Сұлтан қ. |
3 | Карточкалы принтер SP75 PLUS | дана | 1 | 236006000038 | 30.12.2008 | Нұр-Сұлтан қ. |
4 | Электрондық қолтаңбаны енгізу құрылғысы | дана | 1 | 236006000039 | 30.12.2008 | Нұр-Сұлтан қ. |
5 | Қауіпсіздік құлыптары | дана | 1 | 236006000040 | 30.12.2008 | Нұр-Сұлтан қ. |
6 |
Evolis Primacy Lamination ламинаторы, екіжақты, USB&Ether, | дана | 1 | 236008000052 | 26.12.2018 | Нұр-Сұлтан қ. |
7 | 300 карточка үшін Evolis PL принтеріне арналған толық түсті картридж (түсті таспа) | дана | 10 | Нұр-Сұлтан қ. | ||
8 | Магниттік жолағы бар карточка | дана | 3 632 | Нұр-Сұлтан қ. | ||
3 648 |