ЗҚАИ-ның ескертпесі!
01.01.2021 дейін қолданыста болды (2-тармақтан қараңыз).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 59-8) тармақшамен толықтырылсын:
"59-8) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту;";
17-тармақ мынадай мазмұндағы 1-36) тармақшамен толықтырылсын:
"1-36) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |