"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 264 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурыздағы № 56 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі:

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол беріледі.

      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты, жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қарау нәтижелері бойынша қорытындыны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      Қазынашылық органдары көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді орындалған жұмыс актілері мен жергілікті сметалардың негізінде төлем тапсырмасына сәйкес қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның шотынан жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады